Photo by Brooke Cagle

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №1 ЕМХАНАСЫ


Павлодар қаласының 1-ші қалалық ауруханасының емханасы 1956 жылдың тамыз айының соңында жұмыс істей бастады. Ол Алюминстрой кентіндегі (қазіргі Циолковский көшесі) бір қабатты ғимаратта орналасқан және салынып жатқан Алюминий зауытының медициналық-санитарлық бөлімінің қызметін атқарған.

1966 жылы емхана жаңа ғимаратқа көшірілді.

Әр түрлі уақытта жұқпа (ішек), тексеру (гинекологиялық), ЭКГ кабинеттері, физио бөлімшесі ашылды. Емхана терапевтік бөлімшесінің меңгерушісі мен бас дәрігердің уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы жөніндегі орынбасарының лауазымдары енгізілді. 1974 жылдан бастап емхана Ломов көшесі, 49 мекенжайы бойынша орналасқан ересектерге қызмет көрсететін типтік ғимаратқа ауысты.

Емхана қаланың басқа ауруханалары үшін, сондай-ақ басшы кадрлар үшін нағыз «Ұстахана» болды.

Осылайша, Г.И. Қамитова қалалық денсаулық бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, М.Г. Гимадиева облыстың бас терапевті, А.К. Нұркина 1-ші қалалық аурухана бас дәрігері, С.Б. Иманғазинов СММА филиалының ректоры, медициналық ғылымдар докторы М.Т. Әміренов 1-ші емхана бас дәрігері, Р.М. Дүйсембаев бірінші қалалық аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі болып жумыс істеді.

Стационардың терапевтік бөлімшелерінің меңгерушілері мына учаскелік дәрігерлер болды: Е.А. Грефенштей, Б.А. Тұқымбаева, М.Г. Гимадиева, И.Д.Сухов - аурухананың физио-терапевтік бөлімшесінің меңгерушілері, М.А.Попов - облыс ревматологі.

Жоғары тиімді инновациялық технологияларды енгізуге негізделіп, физиотерапия, ревматология, эндокринология, функционалдық диагностика сияқты қызметтерді нөлден бастап ұйымдастыруға тура келді.

Бірінші болғандар: Раиса Ахметқызы Манякова бас дәрігер;

Галина Петровна Михайлова емхана меңгерушісі;

Ия Михайловна Маркова, Фаина Исаковна Хайкина бас медициналық бикелер;

Марат Траисұлы Әміренов денсаулық сақтаудың ұйымдастырушы дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, 1999-2010 жж №1 емхана бас дәрігері қызметін атқарған уақытта алдын алу және саламатты өмір салтына көп көңіл бөлді. Саламатты өмір салтын қалыптастыру, сау бала, дәрігерге дейінгі тексеру кабинеттері ұйымдастырылды. «Диабет мектебі», «Жүктілердің психоэмоционалдық жеңілдену мектебі» жұмыс істей бастады.

2010 жылдан бастап бас дәрігер М.Т. Сатабаев пен бас дәрігердің орынбасары Г.М. Қайырбаеваның басшылығымен емханада диагностикалау және емдеу технологиялары жүйелерін кеңейтіп, аз шығынды стационар алмастырушы технологияларды енгізуге бағдарланған алғашқы медициналық-санитарлық көмек, емхана жанындағы күндізгі емделу орнын, геронтологиялық науқастар мен мүгедектерге арналған үйдегі стационарды қайта құру сияқты алдынғы технологияларды пайдалана отырып, медициналық қызметтер сапасын жақсартуға бағытталған жұмыс жалғастырылды.

Қазіргі уақытта №1 қалалық емхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі профилактикалық іс-шараларды күшейту және алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде скринингтік зерттеулер жүргізу болып табылады. Емхана базасында қалпына келтіру, консультациялық-диагностикалық бөлімшелер ашылды.

Қалпына келтіру бөлімшесі мен сурдологиялық қызмет бұдан әрі дамытылады.

Әлеуметтік бағдарланған алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мақсатында учаскелік қызметіне көмекке әлеуметтік қызметкерлер, психолог жұмысқа қабылданды.

Халықтың әрбір санаты үшін саламатты өмір салтын қалыптастыру тұрғысында жоспарлы, қолжетімді профилактикалық жұмыс жүргізіледі.

Емханада денсаулық мектептері артериялық гипертония мектебі, қант диабеті мектебі, ана мен бала мектебі және босануға психопрофилактикалық дайындық ұйымдастырылған және жұмыс істейді.

Павлодар қаласының №1 емханасы қызметінің нәтижелері бойынша «АМСК саламатты өмір салтын қолдайды 2010» республикалық байқауында 1 жүлделі орынға ие болды.

Сондай-ақ, 2012 жылғы «Павлодар облысының үздік амбулаториялық-емханалық ұйымы» номинациясы бойынша байқау жеңімпазы атанды.

Осылайша, №1 емхана жұмысы 55 жыл барысында дамып, денсаулық сақтау саласындағы реформаларға сәйкес өз әдістерін өзгерте отырып, бүгінгі күні Ж.М. Тентекпаевтың басшылығымен негізгі басымдығы сапалы және қол жетімді медициналық қызметтерді, аурулардың барынша кең спектрін диагностикалау мен емдеу, аурулардың алдын алуда негізгі құрал болуы қажет алдын алу медицинасын белсендіруді, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін енгізуді қамтамасыз ету болып табылатын мемлекет Басшысының Жолдауында керсетілген бағдарламалық іс-шараларды орындауға бағытталған.

2012 жылдан бастап осы күнге дейін №1 емхана КМҚК бас дәрігері Жаннат Мұсаұлы Тентекпаев.



Бөлісу

  • Марат Раисович Амренов

    Марат Раисович Амренов

  • Табылды Мұқанұлы Асылханов

    Табылды Мұқанұлы Асылханов

  • Функционалдық диагностиканы енгізу

    Функционалдық диагностиканы енгізу

  • Стационардың терапия бөлімшелерінің меңгерушілері

    Стационардың терапия бөлімшелерінің меңгерушілері

  • Клиникалық-диагностикалық зертхана, (1998 ж.)

    Клиникалық-диагностикалық зертхана, (1998 ж.)

  • Ломов көшесі, 49, (1974 ж.)

    Ломов көшесі, 49, (1974 ж.)

  • Жаңа ғимарат, (1966 ж.)

    Жаңа ғимарат, (1966 ж.)

  • Павлодар қаласының 1-ші қалалық ауруханасының емханасы, (1956 ж.)

    Павлодар қаласының 1-ші қалалық ауруханасының емханасы, (1956 ж.)

  • М.Т. Сатабаев

    М.Т. Сатабаев

  • Жаннат Мұсаұлы Тентекпаев

    Жаннат Мұсаұлы Тентекпаев

  • Валентина Васильевна Устинова емханада планерка жүргізуде

    Валентина Васильевна Устинова емханада планерка жүргізуде

  • Ота жасау кезіндегі хирургтар

    Ота жасау кезіндегі хирургтар


-->