Павлодар облысы денсаулық

сақтау саласының тарихы мен дамуы

1938 жылғы 15 қаңтарда Қазақ КСР құрамында Павлодар облысы құрылды. Емдеу мекемелерінің жұмысын басқару үшін Павлодар облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің атқарушы комитетінің денсаулық сақтау бөлімі – облыстық денсаулық сақтау бөлімі құрылды.

Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып 1944 жылға дейін жұмыс істеген П.Ф. Голубенко тағайындалды.

1938 жылы Павлодар қаласында 10 стационарлық және 8 амбулаториялық-емханалық мекеме, ауылдық жерлерде 24 стационарлық және 32 амбулаториялық-емханалық мекеме болды.

Павлодар қаласында 20 дәрігер, ауылдық жерлерде 10 дәрігер жұмыс істеді.

Соғыс жылдарында облыс майдан жолағынан эвакуацияланған халықты қабылдады. Аурулар мен жарақат алғандарға емдеу жүргізген госпитальдар ашылды.

1944 жылдан 1956 жылға дейін облыстық денсаулық сақтау бөлімін А.А. Страздин басқарды (ҚазКСР еңбек сіңірген дәрігері, Омбы медициналық институтын бітірген).

1948 жылдың 1 қаңтарына облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының желісі 881 төсек-орындық 41 аурухана, оның ішінде Павлодар қаласында 361 төсек-орындық 7 аурухана, ауылда 520 төсек-орындық аурухана жұмыс істеді. Облыста 86 фельдшерлік пункт, 65 төсек-орындық 8 перзентхана, 10 балалар консультациясы және 62 балалар бақшалары болды.

1945 жылы Павлодар қаласында 65 төсек-орындық жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды, 1953 жылы төсек-орын саны 100-ге дейін ұлғайтылды. 1945 жылдың қаңтарында туберкулезге қарсы балалар санаторийі ашылды.

1951 жылы Павлодар облыстық атқару комитетінің шешімімен облыстық онкологиялық диспансер құрылды.

Тың жерлерді игеру кезеңінде халықтың көші-қон есебінен күрт өсуіне байланысты 1954-1955 жылдары жаңадан ұйымдастырылған 32 кеңшарда әрқайсысы 10 төсек-орындық 30 учаскелік аурухана және 2 фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

1954 жылы 100 төсек-орындық Павлодар облыстық психиатрия ауруханасы, 1956 жылы 600 келушіге арналған емханасы бар 200 төсек-орындық №1 қалалық ауруханасы ашылды. Екібастұз қаласында 1954 жылы Екібастұз қалалық ауруханасының 210 төсек-орындық жаңа аурухана кешені пайдалануға берілді.

1957 жылы облыстық денсаулық сақтау бөлімін Омбы медициналық институтын бітірген, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған ҚазКСР еңбек сіңірген дәрігері Ф.Д.Абдыхалықова басқарды.

1957 жылы құрамында бір бортдәрігер және төрт медбике бар санитарлық авиация қызметі ұйымдастырылды, қызметке 42 кеңесші бекітілді.

1958 жылдан 1962 жылға дейін облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі лауазымында И.Л. Хайкин, 1962 жылдан 1965 жылға дейін – Н.В. Кутмин жұмыс істеді.

1965 жылдан бастап Н.В. Кутмин облыстық аурухананың торакалды бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Еңбек жолында «Құрмет белгісі» орденімен, «Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған.

1964 жылы Павлодар қаласында Павлодар облыстық атқару комитетінің шешімімен облыстық қан құю станциясы ұйымдастырылды.

1965-1985 жылдар аралығында облыстық денсаулық сақтау бөлімін Т.К.Қайырбеков басқарды, ҚазКСР еңбек сіңірген дәрігері, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Құрмет Белгісімен, КСРО және ҚазКСР денсаулық сақтау үздігі төс белгілерімен марапатталған. Осы жылдары өнеркәсіп қарқынды дами бастады, бұл денсаулық сақтаудың көтерілуіне ықпал етті. Ауылдық денсаулық сақтауды дамытуға көп көңіл бөлінді.

1965 жылы типтік Май аудандық ауруханасы, 1966 жылы Қашыр аудандық ауруханасы, 1972 жылы Баянауыл және Железин аудандық ауруханалары салынды. 1980 жылға қарай аудандық ауруханалардың саны 15-ке жетті, төсек-орын қоры 2333-ге дейін өсті, 2185 төсек-орын қоры бар 211 учаскелік аурухана болды.

1966 жылы Павлодар қаласында соматикалық бейіндегі 70 төсек-орындық облыстық балалар ауруханасы ашылды, 1975 жылы төсек-орын қуаты 270 төсек-орынға дейін ұлғайтылды.

Ермак қаласында (Ақсу) 1971 жылы 265 төсек-орындық қалалық аурухана ашылды.

1972 жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансердің 500 келушіге арналған емханасы бар 250 төсек-орындық типтік корпусы пайдалануға берілді, бұл бөлімшелерді баракқа ұқсайтын ғимараттардан ауыстыруға мүмкіндік берді.

1983 жылы қосымша бес қабатты корпус енгізілді, облыстық туберкулезге қарсы диспансердегі төсек-орын саны 500-ге дейін ұлғайтылды. Екібастұз қаласында 90 төсек-орындық тубдиспансер салынды.

1974 жылы бөлімшелері бейімделген ғимараттардан көшірілген облыстық аурухананың типтік ғимараты пайдалануға берілді.

1974 жылы №1 қалалық аурухана емханасының типтік ғимараты, 1980 жылы аурухана стационарының типтік ғимараты, 1979 жылы облыстық психоневрологиялық диспансердің жаңа типтік ғимараттары пайдалануға берілді.

1979 жылғы 1 қазанда Павлодар қаласында Ростовская, 50 көшесіндегі ғимаратта 300 төсек-орындық қалалық наркологиялық диспансер және трактор зауытының аумағында 100 төсек-орындық стационарлық бөлімше ашылды.

1982 жылдың 1 қаңтарында қалалық наркологиялық диспансер базасында облыстық наркологиялық диспансер ұйымдастырылды.

1984 жылы Павлодар қаласында Семей мемлекеттік медицина академиясының дәрігерлерді жетілдіру бойынша Павлодар филиалы ашылды.

1985 жылы облыстық денсаулық сақтау бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына 1998 жылға дейін жұмыс істеген медицина ғылымдарының кандидаты, КСРО денсаулық сақтау үздігі Б.Д. Оразғалиев тағайындалды. Ол жұмыс істеген кезде 1989 жылғы тамыз айында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес бойынша облыстық орталық ұйымдастырылды.

1990 жылы балалар үйі жаңа типтік ғимаратқа көшірілді.

1991 жылдың желтоқсанында республикада алғашқылардың бірі болып неонаталдық орталық ашылды.

1993 жылы облыстық қан құю станциясына республикада алғашқылардың бірі болып жаңа типтік ғимараты берілді.

Павлодар облысы әкімінің 1996 жылғы 23 қыркүйектегі №186 шешімімен облыстық денсаулық сақтау бөлімінің базасында облыс әкімінің денсаулық сақтау департаменті құрылды.

Қайта құру жылдарында денсаулық сақтауды қаржыландыру жоспарланғанның тек 70-75% құрады, денсаулық сақтау желісін оңтайландыру жүргізілді. Аурухана төсек-орындарының жалпы саны 13595-тен 5680-ге дейін қысқарды.

Стоматологиялық және дәріхана мекемелері жеке ұйымдарға айналды.

1998 жылдан 2002 жылға дейін денсаулық сақтау департаментін медицина ғылымдарының докторы С.Б. Иманғазинов басқарды. Денсаулық сақтау саласында ел Президенті Денсаулық жылы деп жариялаған 2002 жылдан бастап оң өзгерістер байқалды.

2002 жылғы сәуір айында денсаулық сақтау департаментінің директоры болып медицина ғылымдарының кандидаты Д.М. Қазанғапов тағайындалды.

2002 жылы облыс әкімі Д.К. Ахметовтің бастамасы бойынша ауылдық дәрігерлік амбулаторияларға қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған 80 санитарлық автокөлік берілді, 5 реанимобиль облыс қалаларының жедел медициналық жәрдем станцияларына таратылды, Павлодар қаласында облыстық диагностикалық орталық ашылды, №2 қалалық аурухана қалпына келтірілді.

Дәрігер кадрларды даярлау және оларды ауылда бекіту үшін 2002 жылғы 1 қыркүйекте Павлодар қаласында Семей медициналық академиясының емдеу факультеті ашылды, шалғай ауылдық аудандардан келген студенттерге облыс әкімінің 10 гранты бөлінді.

2005 жылы денсаулық сақтау департаментінің директоры лауазымына әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Г.К. Аубанова тағайындалды.

Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 шілдедегі №202/7 қаулысына сәйкес «Павлодар облысының денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесі «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

2005 жылдан бастап облыста денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Баянауыл, Қашыр, Ертіс аудандарында 2005-2006 жылдары туберкулезге қарсы типтік ауруханалар, 2007 жылы Екібастұз қаласында типтік емхана салынды.

2008 жылғы желтоқсан айында Павлодар ауданының бір ауысымда 200 адам қабылдайтын емханасы пайдалануға берілді.

2009 жылы:

Май ауданының Көктөбе ауылында ауысымда 100 адам қабылдайтын емханасы бар 75 төсек-орындық ОАА;

Железин ауданының Железин ауылында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емханасы бар 60 төсек-орындық ОАА;

Павлодар қаласында ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана;

Ақсу қаласында ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана пайдалануға берілді.

2010 жылдың қаңтар айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін денсаулық сақтау басқармасының бастығы лауазымында А.М. Кузеков қызмет атқарды.

2010 жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бөлімшелері орналасқан 100 келушіге арналған емханасы бар 210 төсек-орындық туберкулезге қарсы диспансердің типтік корпусы пайдалануға берілді.

2011 жылы Қашыр ауданының Песчаное ауылында, Павлодар қаласы ауылдық аймағының Кенжекөл ауылында, Ленин кентінде, Баянауыл ауданы Баянауыл ауылының емханасында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталды.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына медицина ғылымдарының кандидаты «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған Н.К. Қасымов тағайындалды.

«350 денсаулық сақтау нысаны» жобасы аясында облыста 17 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қарастырылған. 2013 жылы Павлодар және Екібастұз қалаларында 500 адам қабылдайтын емханалар іске қосылды.

Республикалық және жергілікті бюджет қаражатына ауылдық жерлерде 7 дәрігерлік амбулатория мен бір фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталды. 2013 жылғы 8 қаңтарда Павлодар қаласында өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды. Аталған кәсіпорын республикадағы мамандандырылған кардиохирургиялық орталықтардың бірі болып табылады. Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының 2,0 млн. астам тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Павлодар облысының денсаулық сақтау саласының қалыптасуына әр жылдары жұмыс істеп жүрген облыстық денсаулық сақтау бөлімінің орынбасарлары: Л.С. Беляева, С.Н. Ужегов, В.П. Немировский, А.Н. Кардашевский, Т.Х. Сарбасова, Р.Т. Аргандыкова. Бас мамандар: Г.Т. Сұлтанов, К.Н. Петухов, В.Н. Малова, М.Н. Никитина, М.Н., В.В. Попов, М.С. Садыков, К.К. Николенко, В.С. Плотникова, Р.З. Шпакова, Г.Е. Ястребова, А.К. Шамовалар елеулі үлес қосты.

Өткен жылдары Павлодар облысының денсаулық сақтау саласының қалыптасуына баға жетпес үлес қосқандар: С.А. Солдатов, В.В. Рокаванов, В.Г. Ваккер, Б.Д. Оразгалиев, М.Д. Гупалова, Ж.З. Асылханова, С.У.Сыздыков (облыстық аурухана), В.А.Акопян, А.К.Кадиров, И.Р.Ахметжанов, А.М.Малгаждаров (облыстық туберкулезге қарсы диспансер), М.Н.Теренина, Б.А.Қазыбаев, В.Р.Айткулова (облыстық тері-венерологиялық диспансері), Р.Ш.Ктуев, М.К.Сулейменов, В.Ф.Паварницин (Облыстық онкологиялық диспансер), С.З.Рабкин, А.И.Талапай, С.А.Алтынбеков, Н.К.Шайхысламов (Облыстық психоневрологиялық диспансер), Е.В.Абрамова, Т.М.Асылханов, Л.Д.Тохтарова, Р.Г.Попова, С.Б.Иманғазинов, А.К.Нуркина (№1 қалалық аурухана), А.Д.Коротков, А.М.Пантюхов, В.Г.Ваганова (№2 қалалық аурухана), А.Х.Селютина, Т.И.Чугунова, Л.Х.Акботина (перзентхана), А.Д.Антонова, С.И.Батькаева, Г.Н.Сербиненко (балалар ауруханасы), П.Е.Ли, Ю.С.Калинин, Л.А.Перминов, В.В.Другов, Р.Д.Голубчик, А.К.Сыздықов, К.З.Сакиев, Т.Б.Баймаханов (санитарлық эпидемиологиялық қызмет), Л.И.Блинов, Н.Б.Рейф, Г.К.Камитова (Павлодар қалалық денсаулық сақтау бөлімі).

Ауылдық денсаулық сақтауда дәрігер-ұйымдастырушыларды ерекше атап өтуге болады: Г.К.Усманова, В.М.Засухина, С.Д.Шамышева, С.Р.Жұмажанов, Ш.К.Карибаева, К.Д.Рахметова, С.К.Кенжебаева, Б.И.Мамынова, К.С. Сейтқазинова, К.Ж.Уздембаева, М.К.Қадырбекова, С.И.Шамиева.

Екібастұзда – Б.М.Авербух, М.М.Тентекпаева, А.Т.Кусаинова, Г.Ж.Алькебаева, А.И.Юшкина, Б.А.Раимкупова, Р.Б.Меламед.

Ермакта – Ж.К.Тюребаева, Н.В.Войцеховская. Дәрігерлік тәжірибеден қол үзбей дәрігерлер ғылыми жұмыспен айналысты; 11 дәрігер докторлық диссертацияларын қорғады, 17 дәрігер медицина ғылымдарының кандидаты атанды.

Олардың ішінде медицина ғылымдарының докторлары: А.Х.Мустафин, Е.А.Бейсембаев, А.К.Кожанова, С.Б.Иманғазинов, С.А.Алтынбеков, В.Т.Сторожук, Н.Е.Айдаргалиева, Ж.М.Ермеков, Т.С.Тапбергенов, Г.А.Жақсылықова, Ю.А.Россинский, медицина ғылымдарының кандидаттары: Б.Д.Оразгалиев, С.Б. Смаков, М.Т. Амренов, Н.М. Садықов, А.Д. Миляев, В.В. Другов, К.З. Сакиев, Д.М. Қазанғапов, М.К. Макатов.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ

Оқыңыз

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ

Оқыңыз

МОЙЫЛДЫ ШИПАЖАЙЫ

Оқыңыз

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЕРІ-ВЕНЕРОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІ

Оқыңыз

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ДИСПАНСЕРІ

Оқыңыз

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Оқыңыз

АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Оқыңыз

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЕМХАНАСЫ

Оқыңыз

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ

Оқыңыз

ОБЛЫСТЫҚ ЖИТС ОРТАЛЫҒЫ

Оқыңыз

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІ

Оқыңыз

№ 2 ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ

Оқыңыз

№ 3 ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ

Оқыңыз

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №1 ЕМХАНАСЫ

Оқыңыз

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №4 ЕМХАНАСЫ

Оқыңыз

№5 ПАВЛОДАР ЕМХАНАСЫ

Оқыңыз

Железин ауданы

Оқыңыз

Май ауданы

Оқыңыз

Тереңкөл ауданы

Оқыңыз

Екібастұз қаласының ауылдық аймағы

Оқыңыз

Авербух Борис Менделеевич

Оқыңыз

Айтқалиева Мәстура

Оқыңыз

Антонова Александра Даниловна

Оқыңыз

Аппасова Мүгілсім Бараққызы

Оқыңыз

Аршакян Кариб Карапетович

Оқыңыз

Ахметжан Идаят Рашитулы

Оқыңыз

Ваккер Вернер Готлибович

Оқыңыз

Засухина Валентина Матвеевна

Оқыңыз

Зенченко Людмила Афанасьевна

Оқыңыз

Қадыров Әбділқәрім Қадырұлы

Оқыңыз

Қайыпова Бижамал Қабдуәліқызы

Оқыңыз

Қайырбеков Төкен

Оқыңыз

Камшук Надежда Сидоровна

Оқыңыз

Коротков Анатолий Дмитриевич

Оқыңыз

Кутмин Никандр Васильевич

Оқыңыз

Кутуев Рафаил Шегиазаматович

Оқыңыз

Лебедева Вера Матвеевна

Оқыңыз

Ли Павел Евгеньевич

Оқыңыз

Лосев Михаил Григорьевич

Оқыңыз

Лысенко Сергей Петрович

Оқыңыз

Михельсон Иннокентий Владимирович

Оқыңыз

Оразғалиев Болат Дүйсенбекұлы

Оқыңыз

Өскембаев Базыкен Өскембайұлы

Оқыңыз

Петухов Константин Николаевич

Оқыңыз

Пешков Николай Григорьевич

Оқыңыз

Раздорская Зинаида Николаевна

Оқыңыз

Садықов Марат Сейтімұлы

Оқыңыз

Сейітов Асылбек Жұманұлы

Оқыңыз

Сербиненко Геннадий Николаевич

Оқыңыз

Сейітқазинов Кенжетай Сейітқазыұлы

Оқыңыз

Сүлейменов Арын

Оқыңыз

Сұлтанов Ғалым Тәшімбайұлы

Оқыңыз

Сұлтанова Роза Әбдірахманқызы

Оқыңыз

Тентекпаев Мұса Мақарұлы

Оқыңыз

Ткаченко Станислав Николаевич

Оқыңыз

Үздембаев Қайыртас Жанұзақұлы

Оқыңыз

Усманова Гаиля Камулитденовна

Оқыңыз

Феллер Владимир Андреевич

Оқыңыз

Фрезе Яков Яковлевич

Оқыңыз

Ахметов Арман...

Менеджмент научных исслед...

Оқыңыз

Байгалиев А.А., Байгалиев...

Основы современной чжень-...

Оқыңыз

Бейсембаев Е....

Иммунореабилитация больны...

Оқыңыз

Бейсембаев Е. ...

Иммунореабилитация больны...

Оқыңыз

Белозеров Е.С....

Общая инфектология...

Оқыңыз

Бугембаева М.Д., Бейсемба...

Иммунореабилитация часто ...

Оқыңыз

Имангазинов Сагит...

Хирургические инфекции у ...

Оқыңыз

Иманғазинов Сагит...

Есімде менің сол бір кез...

Оқыңыз

Имангазинов С.Б., Каирхан...

Ауто-и гетероагрессивные ...

Оқыңыз

Имангазинов С.Б., Амренов...

Аутодермальная пластика п...

Оқыңыз

Имангазинов С.Б., Калмата...

Здоровье детей 12-18 лет....

Оқыңыз

Имангазинов С.Б., Сорокин...

Скрининг-исследование соп...

Оқыңыз

Имангазинов С.Б., Жетписб...

Пенитенциарный стресс и т...

Оқыңыз

...

Практикум по вич/спид (дл...

Оқыңыз

Каирханов Ернар...

Вич-инфекция и гнойные хи...

Оқыңыз

Прилуцкая Мария...

Статистический анализ в з...

Оқыңыз

Рахыпбеков Т.К., Айнабеко...

Хроническая обструктивная...

Оқыңыз

Фесенко Ф., Имангазинов С...

Вич/спид. Павлодарские ас...

Оқыңыз