«САЛАУАТТЫ ПАВЛОДАР» ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ

Жоба өлкетану болып табылады, Павлодар облысының денсаулық сақтау саласына арналған.

Павлодар облысының денсаулық сақтау тарихы сонау 1905 жылы Павлодарда алғашқы аурухана пайда болған алғашқы емдеу мекемесінен басталды.

Бүгінде облыста төрт жүзден астам медициналық нысан жұмыс істейді. Павлодарлық денсаулық сақтау саласының қалыптасуы мен дамуы жылдарында медицинаның түрлі салаларында көптеген жетістіктер, жеңістер, табыстар болды. Жаңа емханалар, ауруханалар салынып жатыр. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту және медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.

Жобаның мақсаты – өңіріміздің денсаулық сақтау саласының тарихы мен дамуын ашу, көрнекті дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбегі, медицина жетістіктері туралы айту, медициналық мамандықты танымал ету, мамандықтың беделін көрсету. Жоба облыстың барлық ірі медициналық мекемелері туралы тарихи және заманауи ақпаратты қамтиды.

Семей медицина университетінің Павлодар филиалының қызметкерлері бізге ресурсты дайындауға үлкен көмек көрсетті. Университет кітапханасының қорынан павлодарлық дәрігерлер мен ғалымдардың ғылыми жұмыстары ұсынылып, цифрландырылды. Олармен PDF форматында танысуға болады.

Жоба үнемі жаңа мәліметтермен, материалдармен, басылымдармен, ғылыми еңбектермен толықтырылатын болады.

Жобаны әзірлеушілер - С. Оспанова, П. Ельников

Құрастырушылар: С. Оспанова

Дизайн және бағдарламалық қамтамасыз ету - П. Ельников

Аудармашы – Ш. Сарсенова