Photo by Brooke Cagle

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №4 ЕМХАНАСЫ


"Павлодар қаласының №4 емханасы" ШЖҚ КМК-ның тарихы сонау 1991 жылы Павлодар трактор зауытының ұзақ уақыт бойы салынып жатқан медициналық-санитариялық бөлімінің базасында №3 қалалық аурухана пайдалануға берілген кезде басталды, ол саяжай шағын ауданының, МДС ауданының және белсенді салынып жатқан Усолка шағын ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге арналған болатын.

№3 қалалық аурухананы В.М. Лосев басқарған жылдары жаңа емдеу мекемесінің құрылуы, ұжымның қалыптасуы мен бірігуі болды.

1995 жылдан бастап 1998 жылға дейін №3 қалалық аурухананы Шамиль Әбуғалиұлы Төлендиев басқарды. Осы жылдары елімізде сақтандыру медицинасы енгізілді, ММСҚ қурылды.

1999 жылдың аяғында Павлодар облысы әкімдігінің шешімі бойынша халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін кәсіпорын қайта қүрылды. 1999 жылдың соңында Павлодар облысы әкімдігінің шешімімен халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін кәсіпорындар қайта құрылды. Осы қайта құру нәтижесінде Павлодар қаласы бойынша 28 «Отбасылық дәрігерлік амбулатория» құрылды.

№3 қалалық ауруханасы базасында № 3 КДП және «№4,5,6 ОДА» КМК құрылды.

Кутузов көшесі, 200 мекенжайы бойынша №3 КДП бас дәрігері Болат Әбілмәжіұлы Әбілмәжинов болды. Қазіргі уақытта бұл ғимаратта Республикалық нашақорлық проблемаларының орталығы орналасқан.

2005 жылы №5 дәрігерлік амбулатория базасында «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМҚК құрылды, бұған арнайы Майра көшесі, 3 мекенжайындағы тұрғын үйдің 1 қабаты бөлінді. Қазіргі уақытта бұл ғимарат Балалар көркем мектебіне берілді.

Емхана Усолка шағын ауданы және оған қарасты жеке меншік секторындағы халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсетті. 26 мыңға жуық адамға қызмет көрсетті.

Валерий Михайлович Лосев №3 емхананың бас дәрігері болып қайта тағайындалды. Осы лауазымда 2007 жылға дейін қызмет атқарды.

2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін «ГІавлодар қаласының №3 емханасы» КМҚК бас дәрігері Марат Тұрсынұлы Сатабаев болды.

2010 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде «Павлодар қаласының №4 емханасы» салынды және іске қосылды. Емхана «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМҚК қайта құрылуы, №4 және №6 дәрігерлік амбулаториялардың қосылу жолымен құрылды. Емхана 63 мың адамға қызмет көрсетті.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010 жылғы 26 желтоқсандағы №906-Ө бұйрығымен 5200 адам саны бар, Кенжекөл, Байдала, Долгое ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсететін Кенжекөл ауылының дәрігерлік амбулаториясы «Павлодар қаласының №4 емханасына» қосылды.

Қызмет көрсетілетін тұрғындардың жалпы саны 71161 адамды құрайды.

2010 жылы «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМҚК аккредиттеу рәсімдеуінен өтті және 4 жылға аккредиттелді. 2012 жылғы наурыздан бастап шаруашылық жүргізу қүқығына ауысты.

«Павлодар қаласының №4 емханасы» ШЖҚ КМК «Бүгін сен мықтысың, ертең бәрі» ҚР М3 жобасына кірді. Емханада ішкі электрондық құжат айналымы енгізілді. Диспетчерлік қызмет белсенді жұмыс істейді.

Емхананың сайтында онлайн жазылу арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу енгізілді. 2013 жылдың маусымынан бастап мүгедектер мен қарт адамдарға арналған жеке тіркеу орны жұмыс істейді.

«Павлодар қаласының №4 емханасы» 2010-2013 жылдардың түлектері-жас мамандарының және үлкен жұмыс тәжірибесі бар жоғары мамандандырылған дәрігерлердің үйлескен құрамасы  болып табылады.



Бөлісу

  • ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев емханаға келді, 24.06.2013

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев емханаға келді, 24.06.2013

  • ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев емханаға келді, 24.06.2013 (2)

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев емханаға келді, 24.06.2013 (2)

  • ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев емханаға келді, 24.06.2013 (3)

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев емханаға келді, 24.06.2013 (3)

  • Мұхаметқайыр Тағлымұлы Андосов, бас дәрігер

    Мұхаметқайыр Тағлымұлы Андосов, бас дәрігер

  • С.К. Еңсебаева, жоғары санатты педиатр дәрігер, балалар емханасының меңгерушісі бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау бойынша жас дәрігерлерді оқытумен белсенді айналысады

    С.К. Еңсебаева, жоғары санатты педиатр дәрігер, балалар емханасының меңгерушісі бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау бойынша жас дәрігерлерді оқытумен белсенді айналысады

  • Жақсыбаева Күлзада Ерболатқызы, әйелдер консультациясының меңгерушісі

    Жақсыбаева Күлзада Ерболатқызы, әйелдер консультациясының меңгерушісі

  • Тишкен Купеевич Жолдыбаев, аға дәрігер

    Тишкен Купеевич Жолдыбаев, аға дәрігер

  • Емхана ұжымы тұрақты түрде салауатты өмір салтын насихаттайды, демалыс аймақтарына белсенді демалысқа шығады

    Емхана ұжымы тұрақты түрде салауатты өмір салтын насихаттайды, демалыс аймақтарына белсенді демалысқа шығады

  • Валерий Михайлович Лосев, 1995 жылға дейін бас дәрігер

    Валерий Михайлович Лосев, 1995 жылға дейін бас дәрігер

  • Емхананың Денсаулық мектебіндегі сабақтардың бірі

    Емхананың Денсаулық мектебіндегі сабақтардың бірі

  • Любовь Ивановна Панина, аға дәрігер

    Любовь Ивановна Панина, аға дәрігер

  • 2010-2013 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласының болашағын құрайтын 26 жас маман жұмысқа қабылданды

    2010-2013 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласының болашағын құрайтын 26 жас маман жұмысқа қабылданды

  • Сауле Сайткенқызыовна Сағитова, аға дәрігер

    Сауле Сайткенқызыовна Сағитова, аға дәрігер

  • Марат Тұрсынұлы Сатабаев, бас дәрігер (1997-2010 жж.)

    Марат Тұрсынұлы Сатабаев, бас дәрігер (1997-2010 жж.)

  • Н.Е. Сейітқалиева, 2010 жылдан бастап бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары

    Н.Е. Сейітқалиева, 2010 жылдан бастап бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары

  • Еңбек күндері-0001

    Еңбек күндері-0001

  • Еңбек күндері-0002

    Еңбек күндері-0002


-->