Photo by Brooke Cagle
Павлодар қаласының №1 Қалалық ауруханасы 1956 жылы Алюминстрой шагын ауданның типсіз ғимаратында ұйымдастырылды. Құрамында ересек халыққа қызмет көрсетуге арналған емхана, балалар емханасы және стационар болды. Аурухананың алғашқы бас дәрігері Разия Минахметқызы Манякова, кейінгі бас дәрігерлері: П.Ф. Бацокина, А.Т. Патоцкая, Е.В. Абрамова, Е.М Варламовтар болды. 1978 жылы Асылханов Табылды Мұқанұлы аурухананың бас дәрігері болып тағайындалды, ол 1980 жылы қуаты 810 төсектік стационардың жаңа үлгілік жеті қабатты корпусын пайдалануға қабылдады. 1987 жылы 100 төсек орынға босану бөлімшесінің корпусы пайдалануға енгізілді. 1996 жылы бірінші басшы болып Алмагүл Қабдұшқызы Нұркина тағайындалды. 1999 ж. маусым айынан бастап 2009 жылғы наурыз айына дейін емдік-алдын алу жұмысы жөнінде бас дәрігердің орынбасары медицина ғылымдарының кандидаты С.Б. Смаков тағайындалды. 2009 жылдан бастап медицина ғылымдарының кандидаты А.Ж. Бекбосынов болды. 1998 жылы денсаулық сақтаудың қайта ұйымдастыруына байланысты №1 Қалалық ауруханасының құрамында 510 төсек орынға стационар қалды. 1999 жылы облыс Әкімнің шешімі және денсаулық сақтау Департаментінің бұйрығы негізінде Қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын №1 Қалалық ауруханасы ұйымдастырылды. 2011 жылы аурухана шаруашылық жургізуге ауыстырылды. Тамырлы неврология бөлімшесі 1997 жылы бөлімше ЖМККА-дан №1 Қалалық ауруханаға ауыстырылды, 55 төсек-орын бар және облыс бойынша тәулік бойы ургенттік қызмет көрсетуде. 2011 жылы осы бөлімше базасында Инсульт орталығы ашылды. Бөлімше ұйымдастырылған бірінші күнінен бастап бөлімше меңгерушісі Л.Р. Канафина. Жақ-бет хирургиясы бөлімі 1998 жылы қалалық денсаулық сақтау бөлімінің қайта құрылуына байланысты жақ-бет хирургиясы бөлімі №1 Қалалық ауруханаға ауыстырылды. Бөлімше 25 төсек орынға арналған. 2004 жылы бөлімше 30 төсекке дейін кеңейтілді. Күйік бөлімшесі 1980 жылдың тамыз айында ашылып, 40 төсек-орынға арналған. Бөлімшеде күйік, үсік шалу және оның салдары бар ересектер мен балаларға, науқастарға тәулік бойы шұғыл және жоспарлы көмек көрсетіледі. 1998 жылдан бастап төсек орын қоры 30 төсекке дейін қысқарды. Нейрохирургиялық бөлімше-1980 жылы №1 Қалалық аурухана базасында ашылды. Оның негізін қалаушы 1980 жылдан 1999 жылға дейін жұмыс істеген нейрохирургиялық бөлімшенің меңгерушісі А.Н. Андронов, 1999 жылдан бастап Р.М. Дюсембаев басқарады. Жасанды бүйрек бөлімшесі 2 диализ орынга 1982 жылы ашылды. Құрама диализаторлары бар АИП140 аппараты. Жылына 50 гемодиализ сеансына дейін өткізілетін. 1984 жылы осы заманға сай Жасанды бүйрек СГД-1 аппараты орнатылды, үш диализ орнына. 2000 жылдың аяғында Жасанды бүйрек аппараттары фирмасы Фрезениус орнатылды. 2004-2007 жылдары Б. Браун фирмасының 5 диализ орнына Жасанды бүйрек аппараты орнатылды. Нефрология бөлімшесі 1980 жылы ашылды, 35 төсек орын болды. Нефрология, урология және гемодиализ бөлімшелері Уронефрологиялық орталықты құрайды, онда қазіргі деңгейде ауыр бүйрек ауруларымен науқастарды емдейді. Осы уақытта ауруханада қызметкерлер саны 890 адам, дәрігерлер 138, орта медқызметкерлері 341. УРАТ бөлімшесі (тастарды ұсақтау) ашылған уақытта УРАТ-П қондырғысымен жабдықталған. 2007 жылы STORZ MEDIKAL фирмасының MODULITH SLK заманауи қондырғысы бүйрек пен несепағардағы тастарды соққы-толқындық ұсақтау үшін сатып алынды.
Аурухана әкімшілігі: А.Ж. Бекбосынов, А.К.Нуркина, Г.М.Карменова, Г.Е.Джакова, А.Г.Казакова, Ф.В.Машевская.
Т.М.Асылханов, бас дәрігер, (1978 ж.)
Т.Ф.Бацокина, бас дәрігер, (1958 ж.)
Астана қаласының РҒӘО АҚ делегациясы нейрохирургиялық қызметтің 30-жылдық мерейтойын мерекелеуге байланысты қонақта болды
Аурухана бөлімшелерінің меңгерушілері мен дәрігерлері
Аурухана ғимараты 1980 жылы пайдалануға берілді
Нейрохирургиялық ота жасалуда. Дәрігер нейрохирург Е.К. Омаров
Тамыр хирургиясы бөлімшесінің дәрігерлер ұжымы
Нейрохирургия бөлімшесінің ұжымы. Ортада бөлімше меңгерушісі Р.М. Дүйсембаев.
Аурухана бөлімшесінің ұжымы
Травматология бөлімшесінің ұжымы, бөлім меңгерушісі В.Р.Лефлер
Урология бөлімінің ұжымы. Ортада бөлім меңгерушісі Ю.П. Пашенцев
Р.М.Манякова, бас дәрігер, (1956 ж.)
А.К.Нуркина, перзентхана бөлімшесінің басшысы
№ 1 қалалық аурухананың ескі ғимараты, (1956-1980 жж.)
Дәрігер Г.Г.Валиева жүректің УДЗ жүргізуде