Photo by Brooke Cagle
2004 жылы Павлодар облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің бастамасы бойынша стационардың ашылуы туралы шешім қабылданды. Сол жылы «Орталық азиаттық отын-энергетикалық компания ЖАҚ Павлодар қаласының тұрғындарына тегін берілген ғимараты, бұрынғы «Строитель санаторий-профилакторий базасында №2 қалалық аурухананың қайта құрылуы басталды. Аурухананың құрамында терапевтік бейіндегі 240 төсектік 4 бөлімше болды, оның ішінде: терапиялық бөлімше 60 төсектік, неврологиялық бөлімше 60 төсектік, пульмонологиялық бөлімше 60 төсектік, кардиологиялық бөлімше 60 төсектік. Сондай-ақ құрамында келесі қосалқы бөлімшелер болды: қабылдау бөлімшесі, 6 төсектік реанимация және анестезиология бөлімшесі, диагностикалық бөлімше, клиникалық-диагностикалық зертхана, физиотерапиялық бөлімше, гиперберическая оксигенация кабинеті (ГБО), орталық стерилдеу бөлімшесі (ОСО). 2008 жылдың тамыз айында аурухана дамуында жаңа кезең басталды. Ораз Сарсенғалиұлы Мұқашевтың басшылығымен 2 қалалық аурухананың базасында жүрек қантамыр жүйесі патологиясы бар науқастарға хирургиялық көмек керсету үшін рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесі ашылды. Кардиохирургия және рентгенэндоваскулярлық бөлімшесінің дәрігерлері Ресейде, Белоруссияда, Израильде, Литвада оқудан өтті. Облыс тарихында алғаш рет қаламыздың ауруханасында жүрек патологиясы бар науқастарды жедел емдеу мүмкіндігі пайда болды. Жедел коронарлық синдром үшін интервенциялық әдістер белсенді қолданылады. Рентгенэндоваскулярлық хирургиясы бар кардиохирургия бөлімшесі ашылған сәттен бастап тұрақты түрде ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетті: Қазақстан Республикасының бас кардиохирургы Ю. В. Пя, Астана қаласының ҰҒМО, Алматы қаласының Сызғанов атындағы ҰТО, Новосибирск Ресей қаласының Мешалкин атындағы ПК ҒЗИ, Мәскеу қаласының Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы ҒЗИ бастаған Астана қаласының ҰҒКХО мамандары Ресей, Минск Белоруссия қаласының жүрек-қан тамырлары хирургиясы ҒЗИ. Халықаралық ынтымақтастық аясында ғылыми ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымының докторы Сағит Әубекерұлы Хапаевтың басшылығымен Новосібір қ. Мешалкин атындағы НИИ ПК 7 маманынан тұратын топтың келуі ұйымдастырылды. 2009 жыл 9 қараша айынан 2009 жыл 23 қараша айына дейін топ жұмысы аортокоронарлық шунттаудан 10 ота, стентирлеуден 26 ота жасады, 70 науқас кардиологтың кеңесін алды. 2012 жылдың 16-17 сәуірінде «№2 Павлодар қалалық ауруханасы ШЖҚ КМК базасында Алматы мемлекеттік дерігерлерді жетілдіру институтының ректоры Валихан Ахметов және Павлодар облысы әкімі Ерлан Арынның қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумы аясында жетекші маман Тансель Туркоглудың басшылығымен «Жүректің ишимиялық ауруында аортокоронарлық шунттау «Sеmа госпитальінің кардиохирургтер тобымен шеберлік сыныбы жүргізілді. Шеберлік сыныптың мақсаты жергілікті кардиохирургтерді ота жүргізудің түрік технологиясымен таныстыру болып табылады. Кардиохирургтар бригадасы жұмыс істеп тұрған жүрекке 3 аортокоронарлық шунттау отасын, жасанды қан айналымымен 1 аортокоронарлық шунттау отасын жүргізді.
Павлодар облысының әкімі кардиохирургия және рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшелерінің ашылуында
Аурухана Луначарский көшесі, 1 мекенжайындағы көлік магистральдарынан алысырақ "Ертіс" өзенінің жағасында орналасқан
С.А.Хапаевтың басшылығымен Мешалкин атындағы ПК ҒЗИ мамандары (Новосібір қ.) 2-ші қалалық аурухананың кардиохирургтарына шеберлік сыныбын өткізуде (2009 ж.)
УДЗ дәрігері Л.В. Слюсарева пациентке жүрек диагностикасын жүргізуде (23.09.2010 ж.)
КДЛ дәрігер-зертханашылары М.М.Мукушева және Д.А.Мурумбаева биохимиялық анализаторда жұмыс істеуде (09.12.2005 ж.)
Рентгенэндоваскулярлық хирургия меңгерушісі С.С.Мұхаметқалиев және ота жасау медбикесі Н.В. Ходырева.
А.М.Құрманов, Б.У.Қажыбеков, А.Н.Бакулев атындағы ЖТХҰО профессоры П.В. Кахцян, А.М.Антикеев, А.А.Дюржанов, Т.А.Райымханов (24.12.2009 ж.)
Зертханашы Ж.К.Альжанова ABL-800 қан газдары аппаратында жұмысты меңгеруде
О.С. Мұқашев, бас дәрігер (2008-2012 жж.)
Ота жасау бөлмесі
Қазақстан Республикасының бас хирургі Ю.В.Пяның басшылығымен №2 қалалық аурухананың кардиохирургтары жүрекке ота жасауда (2008 жыл)
Қазақстан Республикасының бас кардиохирургы Ю.В.Пяның басшылығымен Астана қаласының ҰҒКХО мамандары бригадасының келуі, (2008 ж.)
Рентген-зертханашы Н.Т.Соколова WIZION аппаратында омыртқаға зерттеу жүргізуде
№ 2 қалалық аурухананың КДЗ қызметкерлері (23.01.2006 ж.)
КДЛ аға зертханашысы Н.И. Филиппова және зертханашы Н.В. Горячева жетілдірілген биохимиялық талдағышта жұмыс істеуде (сәуір, 2010 жыл)
Тансель Туркоглу консультативтік қабылдау жүргізуде
Н.М.Уразалин, бас дәрігер (2004-2008 жж.)
Г.Н.Шакирова, бас дәрігер (2012 жылдан бастап)