Photo by Brooke Cagle

№ 3 ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ


Атауын қайта өзгертуіне дейін №3 Павлодар қалалық ауруханасы КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің №124 медсанбөлігі болды, ол 1973 жылы Павлодар химия зауыты қызметкерлеріне қызмет көрсету үшін құрылған болатын. Медсанбөліктің құрамында 100 төсек-орындық стационар, зауыт аймағында орналасқан емхана және тәулік бойы қызмет көрсететін денсаулық пункті болды.

1992 жылы №124 медсанбөлік денсаулық сақтаудың аймақтық ұйымының қоластына беруіне байланысты, оның атауы Нефтехимпром» болып өзгертілді. Нефтехимпром» медсанбөлігі солтүстік өндірістік аймақ кәсіпорындарының қызметкерлеріне қызмет көрсетті.

1994 жылғы 01 қазанда Құрылысшылар медсанбөлігі дербес ұйым ретінде жабылды. Екі бөлімшесі: хирургиялық және терапиялық Нефтехимпром» медсанбөлігі құрамына ауыстырылды. Медсанбөлік құрамына солтүстік өндірістік аймақ кәсіпорындарына қызмет көрсетуші 18 денсаулық пунктері енгізілді.

1997 жылы Павлодар облысы әкімінің шешімімен Нефтехимпром» медсанбөлігі жедел медициналық жәрдем ауруханасы болып қайта құрылды. 60 төсек-орыннан тұратын кардиологиялық және 6 төсек-орындық кардиореанимация бөлімшесі қосылды.

1998 жылы №2 қалалық ауруханасының жабылуына байланысты біздің ауруханаға 40 төсек-орындық эндокринологиялық бөлімшесі ауыстырылды.

2013 жылғы тамыз айынан бастап Павлодар қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖ) КМК №3 Павлодар қалалық ауруханасы» ШЖ) КМК болып қайта атауын өзгертті.

Құрылу сәтінен бастап бүгінгі күнге дейін ауруханаға басшылық еткен басшылар:

Аурухананың алғашқы бас дәрігері Б.П. Лиханов болды 1973-1982 ж.ж.; С.В. Ужегов 1982-1989 ж.ж.; В.А. Воробьев 1989-1994 ж.ж.; В.М. Лосев 1994-1998 ж.ж.; Д.М. Қазанғапов 1998-2002 ж.ж.; Н.К. Садвакасов 2002-2004 ж.ж.; А.Н.Черкасов 2005-2009 ж.ж.

2009 жылғы қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін ауруханаға Марлен Нариманович Ахметов басшылық етеді.

Бүгінгі таңда №3 Павлодар қалалық ауруханасы солтүстік өнеркәсіптік аймақтың 3 корпусында орналасқан, жалпы ауданы 15000 ш.м. Бұл Павлодар қаласы мен Павлодар облысының ересек тұрғындарына негізінен шұғыл, сондайақ жоспарлы медициналық көмек көрсететін көп салалы стационар. 230 төсек-орынға арналған, 6 клиникалық бөлімшесі және 7 қосалқы қызметі бар.

Неврологиялық науқастарды оңалту бөлімшесіне бүкіл облыстан жоспарлы емге науқастарды жатқызады, ми-қан айналымының жіті бұзылуы (МҚАЖБ), бас және жұлын миларының жарақаты салдарынан науқастар оңалтудан өтеді. Бөлімшеде тренажер залы жұмыс істейді.

Функционалды диагностика бөлімшесінде заманауи эндоскопиялық зерттеулер жүргізіледі (фиброгастроскопия, колоноскопия, ректороманоскопия). Кеуде ағзаларына, асқазан-ішек жолдарына, сүйек жүйесіне рентгенологиялық зерттеулер жүргізіледі. Кеуде қуысының, асқазан-ішек жолдарының, сүйек жүйесінің рентгенологиялық зерттеулерінің кең спектрі. Рентгенконтрастық зерттеулер, оның ішінде экскреторлық урография. Кіші жамбас органдарын, асқазан-ішек жолдары мен бүйректерді УДЗ-зерттеу. 2014 жылдың қаңтарынан бастап SIEMENS» фирмасының соңғы буынының аппаратында барлық органдардың компьютерлік томографиясы жүргізіледі.

Ауруханада хирургиялық, гинекологиялық аурулар кезінде эндоскопиялық аз жарақаттық оталар жасалады.

Денсаулық сақтау басқармасының 18.12.2013 жылғы бұйрығы негізінде аурухананың неврологиялық бөлімшесі негізінде Инсульт орталығы» құрылды.

№3 Павлодар қалалық ауруханасы» жылдан жылға қарқынды дамып келеді, жаңа медициналық технологиялар енгізілуде, медициналық көмек көрсету әдістері жетілдірілуде.



Бөлісу

  • Ахметов Марлен Нариманұлы, (2009 жылдан бастап)

    Ахметов Марлен Нариманұлы, (2009 жылдан бастап)

  • Хирургиялық және гинекологиялық аурулар кезіндегі бейнеэндоскопиялық оталар

    Хирургиялық және гинекологиялық аурулар кезіндегі бейнеэндоскопиялық оталар

  • Бас дәрігер М.Н. Ахметов ҰОС қатысушыларын құттықтауда

    Бас дәрігер М.Н. Ахметов ҰОС қатысушыларын құттықтауда

  • Эндокринология бөлімінің меңгерушісі Г.К.Мейрамова Диабет мектебінде білім беруде

    Эндокринология бөлімінің меңгерушісі Г.К.Мейрамова Диабет мектебінде білім беруде

  • Аурухана ғимараты

    Аурухана ғимараты

  • Инсульт орталығы

    Инсульт орталығы

  • PHILIPS сандық рентген аппаратымен зерттеу

    PHILIPS сандық рентген аппаратымен зерттеу

  • Аурухана ұжымы

    Аурухана ұжымы

  • SIEMENS аппаратындағы компьютерлік томография

    SIEMENS аппаратындағы компьютерлік томография

  • Медбикелер сайысы (1977-1978 жж.)

    Медбикелер сайысы (1977-1978 жж.)

  • Дүйсенбек Мұсабекұлы Қазанғапов (1998-2002 жж.)

    Дүйсенбек Мұсабекұлы Қазанғапов (1998-2002 жж.)

  • Валерий Михайлович Лосев (1994-1998 жж.)

    Валерий Михайлович Лосев (1994-1998 жж.)

  • Наурыз-2011

    Наурыз-2011

  • Медицина қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы, (2012 ж.)

    Медицина қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы, (2012 ж.)

  • Тренажер залындағы жұмыс

    Тренажер залындағы жұмыс

  • Нұрбек Қабыкенұлы Сәдуақасов (2002-2004 жж.)

    Нұрбек Қабыкенұлы Сәдуақасов (2002-2004 жж.)

  • Сол жақтан бірінші ТЖМ-124 бас дәрігері Б.П. Михайлов, (1974-1975 ж.)

    Сол жақтан бірінші ТЖМ-124 бас дәрігері Б.П. Михайлов, (1974-1975 ж.)

  • Станислав Васильевич Ужегов (1982-1989 жж.)

    Станислав Васильевич Ужегов (1982-1989 жж.)

  • Александр Николаевич Черкасов (2005-2009 жж.)

    Александр Николаевич Черкасов (2005-2009 жж.)


-->