Photo by Brooke Cagle

№5 ПАВЛОДАР ЕМХАНАСЫ


«Павлодар қаласының №5 емханасы КМҚК — тіркелген халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек, емдік-диагностикалық және профилактикалық медициналық қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорын.

«Павлодар қаласының №5 емханасы КМҚК тұрғындардың барлық топтарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметтер көрсету бойынша өз міндетін атқаруга тырысады. Біз халық денсаулығының қамын ойлаймыз, сол арқылы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына әсер етеміз.

Павлодар қаласының №5 емханасы 1958 жылғы қазанның 2-де Украинская көшесі, 35 мекенжайы бойынша бір қабатты ғимаратта ашылған және №2 қалалық емхана ретінде жұмыс істеген. 1967 жылы №5 емхана атына өзгертілген.

Емхана штаты бастапқыда 1 терапевт, 2 педиатр және 4 жеке мамандар: лор-дәрігер, көз дәрігері, гинеколог пен хирургтен құралған. Құрылымда зертхана мен R-кабинеті болған.

Негізі салынғаннан бері бас дәрігер қызметін 1963 жылға дейін жұмыс істеген Е.В. Абрамова болды. Сол жылдары қызмет еткен педиатр дәрігерлер: Е.М. Конева, К.Д. Сабатковская, лор-дәрігер Б.П. Кузнецов, гинеколог Н.Т. Туренбаева, хирург М.М. Бабич, невропатолог Морозова, рентгенолог О.Ф. Нетруненко, терапевт В. А. Прыткова.

1963 жылдан 1984 жылға дейін емхананы А.П. Бабкина басқарды, емхана штаты 800 адамға жетті, Камзин көшесі, 7 мекенжайы бойынша 3 қабатты жаңа ғимарат пайда болады.

1977 жылы жаңа ғимарат салынды және поликлинка екі ғимаратта – Камзин көшесі, 5 және Камзин көшесі, 7-де орналасқан. Тұрғындар саны да, емхана штаты да көбейіп, 3 терапия бөлімшесі ашылды.

1984 жылдан 1990 жылға дейін емхана С.Я. Байко басшылығымен жумыс істеді, бас дәрігер В.Н. Капитанов болды.

1993 жылдан 2009 жылға дейін емхананың бас дәрігері А.Д. Морозова болды.

2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін емханаға А.О. Төребаев басшылық етеді.

Емхананың көлік тұрағы 6 көліктен басталып, 15 көлікке дейін өсіп, кейін қайта 6 машинаға дейін азайған. Бас дәрігері С.Я. Байко басшылығы кезінде еңбек төлемінің бригадалық әдісі енгізіліп, ҰҚК мен көтермелеу сыйақылары болған, бұл жұмыс сапасын өте жақсы ынталандырған.

1978 жылдан бастап хирургия бөлімі базасында қала бойынша жалғыз күндізгі стационар жұмыс істей бастаған. Күндізгі стационарда жарықтарға, күретамырға оталар және склероздау жасаған. Емдеу мен диагностиканың жаңа әдістері енгізілген: асқазан ауруларын емдеудің вакуумдық аспирациялық әдісі, фиброгастроскопия, ректороманоскопия, колоноскопия, қан ультракүлгін сәулелені, дуоденалды тазарту (осы әдіс арқылы ДӨСБ-ны оперативті емдеуден бас тартылды), лазермен емдеу, назосимпатикотерапия. 1984 жылы хирургия бөлімі жұмыс көрсеткіштері бойынша Қазақстанда 2-ші орынға ие болып, «Наркон П наркозды аппаратымен марапатталды, емхана бойынша жан сақтау қызметі ұйымдастырылып, кеңірдек пен трахеостоманы интубациялаумен науқастардың жаны сәтті сақталды, сонымен қатар іріңді оталар кезінде наркоздар берілді.

1985 жылы емхананың хирургия бөлімі базасында озық тәжірибе мектебі мен дәрігерлерді жетілдіру факультеті жұмыс істеді.

2004 жылы емхана Павлодар облысының амбулаториялық ұйымдар арасында бірінші орын алды.

2013 жылы облыстың медициналық ұйымдары арасында үшінші орынға ие болды.



Бөлісу

  • Бас дәрігер А.П. Бабкина (1963-1984 жж.)

    Бас дәрігер А.П. Бабкина (1963-1984 жж.)

  • Бас дәрігер С.Я. Бойко (1984-1990 жж.)

    Бас дәрігер С.Я. Бойко (1984-1990 жж.)

  • Бас дәрігер А.Д. Морозова (1993-2009 жж.)

    Бас дәрігер А.Д. Морозова (1993-2009 жж.)

  • Бас дәрігер А.У. Туребаев (2009 ж.)

    Бас дәрігер А.У. Туребаев (2009 ж.)

  • Еңбек күндері 1

    Еңбек күндері 1

  • Еңбек күндері 2

    Еңбек күндері 2

  • Еңбек күндері 3

    Еңбек күндері 3

  • Еңбек күндері 4

    Еңбек күндері 4

  • Еңбек күндері 5

    Еңбек күндері 5

  • Еңбек күндері 6

    Еңбек күндері 6

  • Еңбек күндері 7

    Еңбек күндері 7

  • Еңбек күндері 8

    Еңбек күндері 8

  • Еңбек күндері 9

    Еңбек күндері 9

  • Еңбек күндері 10

    Еңбек күндері 10

  • Қамзин көшесі, 5

    Қамзин көшесі, 5

  • Қамзин көшесі, 7

    Қамзин көшесі, 7

  • Украинская көшесі, 35

    Украинская көшесі, 35


-->