Photo by Brooke Cagle

Екібастұз қаласының ауылдық аймағы


1922 ж. Екібастұз шахталарында 2 фельдшері бар қабылдау бөлімі болды.

1948 ж. қараша айында Екібастұзкөмір құрылыс алаңының жұмысшыларына медициналық қызмет көрсету үшін дәрігерлік учаске, амбулатория және 10 төсек орындық стационар мен 6 төсек орындық изолятор ұйымдастырылды.

1950 ж. шілде айында медициналық санитарлық бөлім Қарашахта жер үйінен барақ үлгісіндегі қайта жаңғыртылған ғимараттарға көшті. Терапиялық, хирургиялық, балалар, босандыру, тері-венерологиялық және емханалық бейінді бөлімшелері бар 50 төсек орындық стационар ашылды.

1953 ж. 150 төсек орындық типтік аурухана ашылды.

1957 жылдың басында Екібастұзда жалпы 110 адамга лайықталған аурухана, перзентхана, емхана, екі амбулатория болды. Екібастұзуголь кенті қала мәртебесіне ие болып, Екібастұз деп аталғанда, калада денсаульқ сақтау бөлімі ұйымдастырылды. Оның 6ipiншi меңгерушісі болып Иганат Шапағатулы Шапагатов тағайындалды. Осы лауазымда ол 1970 жылға дейін жұмыс істеді.

Емхана қызметі орталық емхана мен үш амбулаториядан тұрды, олар Северный кенттегі, 131-ші кварталдағы және 3-ші Школьныйда бейімделген ғимараттарда орналасқан.

Емханалық кызметті 3.Ж. Каирлапова басқарды.

1959 жылы донорлық пункт құрылып, ол қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің 4 кабинетіне орналастырылды. Пункте қалағa танымал хирург-дәpirep Т.С. Нечаева, мейірбикелер Ф.Н. Кутышева, Г.Надиева жумыс iстедi. Кейін (1963 жылы) донорлык пунктке Строительная көшесінен жеке орын беріліп, аға мейірбике болып И.Г.Шарко еңбектенді. Пункт жылына 100-150 литр қан мен оның компоненттерін әзірледі.

1961 ж. 26 шілдеде Строительная көшесінде 66 төсек орындық перзентхананың типтік ғимараты пайдалануға берілді. Oған дейін перзентхана (бас діpirepi Р.Б. Меламед) көп уақыт бойы баракта орналасып келді.

1963 ж. бip ауысымда 250 адам қабылдайтын екі қабатты жаңа емхана іске қосылды. Емхананың типтік ғимаратын (Индустриальный даңғылы, 72-а) кеншілердің сұрауы бойынша бас мердігер № 3 ҚБ-сы (бастығы Б.П. Тарабцев, бас инженері В.М. Шупан) құрылысшылары, сондай-aқ «Иртышуглестрой» тресінің № 2 ҚБ, № 5 ҚБ ұжымы салды. Сол жылы жедел әpi шұғыл медициналық жәрдем стансасы дербес қызмет болып бөлініп шықты.

1968 ж. тамыз айында «Иртышуголь» тресінде кеншілерге арналған 100 орындық жалпы терапиялық шипажай типті емдеу профилакторийі (меңғерушісі Г.С. Норманская) ашылып, 23 тамызда емдеу мекемесі алғашкы науқастарды қабылдады.

1968 ж. қараша айында аурухананың физиотерапия бөлімі мен 600 орындық физиоемхана (меңгерушісі А.И. Юшкина) жұмыс істей бастады. Жекелеген жоба бойынша бой көтерген емханада науқастарға физиоемдеудің толық кешені ұсынылды: шипалы сазбен емдеу, түрлі емдеу ванналары, жарықпен емдеу, электрмен емдеу, массаж және емдік денешынықтыру және қалалық аурухананың неврологиялық және пульмонологиялық бөлімдеріне арналған үш қабатты ғимарат пайдалануға берілді. «Шахтастрой» салған 200 орындық бұл ғимарат атқару комитетінің шешімімен қалалық аурухана балансына стационар үшін берілді.

1969 ж. мамыр айында Екібастұзда аурухана кешенінің құрылысы толық аяқталып, бip ауысымда 600 адамды қабылдайтын физиоемхана пайдалануға берілді.

1970 жылы қалалық денсаулық сақтау бөлімін хирург Мұса Макарұлы Тентекпаев басқарды.

Павлодар облыстық атқару комитеті Екібастұзда қалалық аурухана базасында Қазақстандағы тұңғыш Медбірлестікті (бас дәpirepi М.М. Тентекбаев) құру туралы шешім қабылдады. Оның қарамағына қала мен аудан ауылдарындағы барлық денсаулық сақтау мекемелері өтті.

1975 ж. желтоқсан айында күніне 600 адамды қабылдау мүмкіндігі бар емхана мен 410 төсек орындық стационар бөлімі бар аурухана кешені іске қосылды. Мұнда хирургиялық (меңгерушісі Т.С. Нечаева), жарақат (меңгерушісі Г.М. Титакова), кардиология (меңгерушісі Г.А. Будкина), жан сактау (меңгерушісі З.Дощекеев), балалар (меңгерушісі Г.М. Давыдова) жене т.б. бөлімшілер болды.

Медициналық бірлестік бас дәpirepiнің сараптау жөніндегі орынбасары Г.К. Апькебаева Екібастұз ауданының өнеркәсіптік өндірістерінің жұмысшыларын, мектеп оқушыларын, ауыл шаруашылығы қызметкерлерін профилактикалық тексеруден өткізу жұмысын ұйымдастырды.

1977 жылы қалалық медициналық 6ipлестікте жарақат пункті ұйымдастырылды. Мұнда тұскен науқстарға тәулік бойы шұғыл жәрдем беру қызметін хирург Ә.Т. Құсайынов басқарды.

2014 жылы 9 маусымда №2 емхананың «350 денсаулық сақтау нысаны» жобасы аясында салынған біp ауысымда 500 адам қабылдай алатын жаңа ғимараты салтанатпен ашылды. Жаңа ғимарат екі-үш қабатты корпустан турады. Tipкey бөлімі жалпы жене зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсететін болып екіге бөлінген. Диспетчер қызметі жұмыс істейді. Емханада Отбасы денсаулығы орталығы ашылған, онда екі жалпы тәжірибе дәрігерлері бөлімі, халыктың нысаналы тобының скринингтен уақытылы әpi сапалы өтyi үшін әлеуметтік-психологиялық көмек беретін профилактика бөлімі бар.

«Медицина және денсаулық сақтау саласындағы жоғары стандарттары үшін» аталымында Екібастуздың №1 емханасы Францияның Ұлттық өнеркәсіпке жәрдемдесу ассоциациясының (SEIN) алтын медалімен марапатталды.

Екібастұз қалалық ауруханасында клиникалық-диагностикалық орталық ашылды. Мұнда науқастарды ЛОР, офтальмолог, нефролог, ревматолог және өзге де мамандар қабылдайды. Орталық дәрігерлері екібастұздықтарды ғана емес, жакын мандағы ауыл турғындарын да қарайды.



Бөлісу

Мақалалар

Айтуған Айдана №2 емханада дәрі-дәрмек жеткілікті // Отарқа. – 2020. – 26 қараша. - (№47). – 5б

Айтуған Айдана. Аурухана жолы жөнделді // Отарқа. – 2020. – 3 қыркүйек. - (№35). - 3 б.

Айтуған Айдана. Науқас неге шағымданды? // Отарқа. – 2020. – 5 наурыз. - (№9). - 2 б.

Ерғазина Дария. №1 емхана қызмет сапасын жақсартпақ // Отарқа. – 2018. – 22 қараша. - 14 б.

Компьютерлік томография кабинеті жұмысқа кірісті // Отарқа. – 2020. – 23 шілде. - (№29). - 3 б.

Қарқынды терапия бөлімшесі ашылады // Отарқа. – 2020. – 23 шілде. - (№29). - 3 б.

Құсайынов Әбиқас. Біздегі медицина осылайша басталған // Отарқа. – 2019. – 18 сәуір. - (№16). - 7 б.

Оразалы Торғын. «Хирургия орталығына» - 20 жыл // Отарқа. – 2018. – 6 қыркүйек. - (№36). - 6 б.

  • Мамандандырылған көмек стационары, (1949 ж.)

    Мамандандырылған көмек стационары, (1949 ж.)

  • Типтік аурухана кешені, (1976 ж.)

    Типтік аурухана кешені, (1976 ж.)

  • Хирургиялық корпус, (1987 ж.)

    Хирургиялық корпус, (1987 ж.)

  • Untitled.FR12-0007

    Untitled.FR12-0007

  • Б.М.Авербух, бас дәрігер (1957-1970 жж.)

    Б.М.Авербух, бас дәрігер (1957-1970 жж.)

  • М.Г.Біләлов, бас дәрігер

    М.Г.Біләлов, бас дәрігер

  • А.Т. Құсайынов, ОҚАА бас дәрігері (1991-2007 жж.)

    А.Т. Құсайынов, ОҚАА бас дәрігері (1991-2007 жж.)

  • С.Б.Смаков, ОҚАА бас дәрігері

    С.Б.Смаков, ОҚАА бас дәрігері

  • М.М.Тентекпаев, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі-АМҰ бас дәрігері (1970-2001 жж.)

    М.М.Тентекпаев, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі-АМҰ бас дәрігері (1970-2001 жж.)

  • И.Ш.Шапағатов, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі (1957-1974 жж.)

    И.Ш.Шапағатов, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі (1957-1974 жж.)

  • Екібастұз қалалық ауруханасы

    Екібастұз қалалық ауруханасы


Біз әлеуметтік желілерде



  • Басты
  • Жоба туралы
  • Контакты
  • pavlodarounb@gmail.com
    +7 (7182) 32-40-18
    -->