Photo by Brooke Cagle
Павлодар қаласында босануға жәрдемдесу тарихы – бұл Павлодар облысының барлық босануға жәрдемдесу мекемелерінің тарихы, олар көптеген жылдар бойы адамдарға орасан ғажайып сыйлайды және жаңа дүниеге келген ұрпактың денсаулығын сақтауда арналған. Осы кызметтің тарихы өзінің тамырымен тереңде жатады, 30 жылдарға дейін жетеді. 1938 жылға дейін перзентханалар болған жоқ. 1939 жылы Павлодарда Ленин көшесі бойынша алғашқы перзентхана 35 төсек орынға жұмыс істей бастады. Оны бірінші рет акушер-гинеколог Т.И. Чугунов басқарған. 1951 жылы осы перзентхана жанында әйелдер консультациясы ұйымдастырылды. 1961 жылдан бастап қалалық перзентхана Короленко 179 көшесі бойынша жаңа ғимаратқа көшірілді. Содан кейін перзентхананы А.Х. Селютина, И.А. Вязнюк, И.А. Козель басқарды. 1990 жылдан бастап Короленко көшесі бойынша перзентхананың бөлімшелері Облыстық ауруханаға берілді. 1953 жылы облыста 129 фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік пункт, бір перзентхана жұмыс істеді. Акушерлерді даярлау облыста 1954 жылы медициналық училищенің ашылуымен басталды. 1957 жылы санитарлық авиация желісі жұмыс істей бастады, оның құрамында 7 акушер-гинеколог болды. 1950 жылы бас акушер-гинекологтар облыстық денсаулық сақтау бөлімінің құрылымына кірді. 1964 жылы Павлодарда №2 қалалық ауруханасы ашылды. Бас дәрігері Коротков Анатолий Дмитриевич. Аурухананың құрамына босану бөлімшесі кірді. 1987 жылы №1 қалалық ауруханасы жанында босану бөлімшесі ашылды. 1999 жылы Облыстық перзентхана және Облыстық перинаталдық орталық ашылды. 1994 жылғы сәуір айында №1 қалалық ауруханасының базасында «Данель» жеке меншік перзентханасы жұмыс істей бастады, директоры Г.К. Аубанова. Жетекші акушер-гинекологтар И.А. Козель, Г.Ф. Тілепбергенова, В.В. Хорешева. Облыстың және қала босануға жәрдемдесу ұйымның құрылуына бағаланбас үлесті А.Х. Селютина, Т.И. Чугунова, Л.Х. Ақботина, Г.Е. Ястребова, Л.В. Кривошеева, Е.А. Малова, Г.П. Нейфельд, И.А. Вазнюк, З.С. Малыхина қосты. Жас дәрігерлер мен акушерлердің жаңа буыны өсіп келуде және қалыптасуда. Жылдан жылға біздің елімізде, біздің облыста, біздің қалада босанулар саны өсуде. Күн сайын өздерінің жұмысында тамаша дәрігерлер, медбикелер, кіші медицина қызметкерлері тұр. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Республика дамуының басты басымдықтарының бірі медициналық-демографиялық жағдайды жақсарту болып табылады, ол бірінші кезекте ана мен баланың денсаулығын қорғаумен байланысты. Бұл ана мен баланы қорғаудың жаңа ұйымдастырушылық нысаны - енгізілген перинаталдық форма Павлодар облысында жақсы ұйымдастырылған. Бұл 2007 жылы Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының акушер-гинекологтарының VII съезін өткізу орны болды.
Қазақстанның акушер-гинекологтарының VII республикалық съезі, Павлодар қаласы. (2006 жыл) -0005
Қазақстанның акушер-гинекологтарының VII республикалық съезі, Павлодар қаласы. (2006 жыл) -0006
Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасының акушерлік-гинекологиялық корпусы-0001
Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасының акушерлік-гинекологиялық корпусы-0002
Е.Н.Ваганова
Облыстық перзентхана ұжымы бас дәрігер А.К. Оспановамен
"Данель" перзентханасының ұжымы
В.Н.Малова
А.Д. Миляев
Облыстық кеңес, (1981 ж.)
А.К.Оспанова
ҚР Премьер-Министрі Д.Ахметовтің Ақсу ауданы, Евгеньевка ауылындағы отбасылық дәрігерлік амбулаториясын ашуы. (2006 ж.)
E:\OPENSE~1\domains\LOCALH~1\A021~1\CED3~1\BE6F~1\_C22E~1
E:\OPENSE~1\domains\LOCALH~1\A021~1\CED3~1\BE6F~1\_AE4A~1
Босандыруға көмектесу-0001
Босануға көмектесу-0002
Еңбек күндері
Р.З.Шпакова