Photo by Brooke Cagle

МОЙЫЛДЫ ШИПАЖАЙЫ


Мойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, сазбен емдейтін шипажай, Мойылды ауылдық округі орталығы. Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде, Мойылды тұзды көлінің (Черемухово) жиегіндегі Құлынды даласында орналасқан. 1999 жылы тұрғындар саны 850 адам (385 ер адам және 465 әйел адам) болса, 2009 жылы 810 адамды (391 ер адам және 419 әйел адам) құрады. Кезінде Павлодар облысы шипажайлар мен демалыс орындарымен әйгілі болатын. Павлодар облысының кейбір көлдеріне жергілікті тұрғындар да, қала қонақтары да қажылық жасағандай келетін. Солардың ішінде аса танымал Ямышево, Маралды, Мойылды көлдері болып табылады. Мойылды көліндегі шипалы саздың құрылымы соңына дейін зерттелмеген. Шипалы саз қасиеті мол. Жергілікті жұрттың кейбір әншейін болжамдары қазіргі заман жағдайындағы зерттеу жұмыстарының қорынтындыларымен және есептеулермен толықтырылды. Мойылды көлінің, оның бірегей шипалы сазының емдік қасиеттері жайла Павлодар өңірінің тұрғындары ерте заманнан-ақ білген. Кәрі адамдар уақыт келе сырқаттанған буындарын емдейді, әйел адамдар бедеуліктен айырылуды іздейді, еркек адамдар еркектік күшін жинаса, балаларды асқынған жөтелден, дене бойына қаптаған бөртпеден және тағы басқа сырқаттан айыру үшін әкелген. Бүгінде денсаулық пен ұзақ өмірдің көзі өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Шипажай ретінде өз қызметін 1922 жылдан бастап атқарып келеді. Әрекет және тіреу органдарының, жүйке, гинекологиялық ауруларына шалдыққан сырқаттарға 560 (қысқы кезеңде 360) орын бар. Жазда жасөспірімдерге 60 орын қарастырылған. Шипажайда шипалы сазбен емдеу жүргізіледі (20 сазды тақтай төсектер және 20 бұлаулар), бювет (минерал көздерінде орнатылған құрылғы). Шипажай XX ғасырдың 30-40-жылдары салынған саябақта орналасқан. Мойылды санаторий. 1975 жылға дейін маусымдарда ғана қызмет көрсететін. Ал қазір жыл бойы қызмет етеді. Мойылды Павлодар - Успен ауданы Павлодарлық автокөлік бағытындағы тас жолымен байланысқан. Негізгі табиғи-емдік факторлар - тұнбалы балшық және көлдің сульфатты-хлориттік натрий-магнийлік шипалы суы (оның ауданы 0,5 шаршы шақырымды құрайды). Шипалы судың минералдануы 250 г/л. Балшық қоры 150, 0 т. Шипалы су- рапаны қызыл сумен араластырып, бұлғауларға қолданады. Мойылды аймағына 700 метрден бұрғылау әрекетімен ішу және емделу үшін сулфатті-хлоридтік 2,6 г/л минералданған натрийлік су жеткізіледі. Мойылды көлінің емдік сазы жыл сайын көптеген адамдардың келіп демалуына себеп. Аталған Мойылды көлінің түбінде судың үстінгі қабатынан қарағанда су температурасы 10-15 градус жоғары. Оның балшығы буын аурулары мен сарп ауруларын емдейді. Оның үстіне көлдің түбінде косметикалық саздың кені бар. Ол жылы юолып келеді, сондықтан қосымша жылытуды қажет етпейді. Соның арқасында жаңару және косметикалық нәтиже береді. Жанында орналасқан кішкентай су қоймасының түбінен қара балшық жинауға болады. Оның көмегімен буын ауруларын емдеуге болады. Ал тұзды судың қысымы адам денесін су бетінде ұстайды. Уақыт және тәжірибе көмегімен тексерілген балшық және рапа секілді табиғи құралдар көптеген ауруларды емдейді. Мысалы: шорбуын, полиартрит, остеохондроз, және басқа да сүйек, бұлшық еттер, сіңір; радикулит радикулит, неврит; ісікке әкеп соғатын әйел және еркектерге тән аурулар, бедеу; асқазан аурулары, псориаз, склеродермия секілді тері аурулары, дем органдарының аурулары, қант диабетінің асқынуы. Жергілікті минералды су ас қорыту, денедегі ас қорыту, эндокрин жүйесі, күрделі металл улану секілді ішке қабылдауда және бұлауда бальнеологиялық емделу секілді сырттай қабылдауда қолданылады. Минералды судың әрекетіне асқынған жүрек аурулары, стенокардия, І-ІІ кезеңдегі гипертониялық аурулар, флебиттің қалдық құбылыстары, және де жүрек көк тамырлары секілді аурулар жақсы емделеді. Сонымен қатар, невриттер, радикулиттер, спондилездер, остеохондроз, және басқа да жүйке аурулары, тері, гинекологиялық және урологиялық аурулар.


Бөлісу

Мақалалар

1.Байгожина А. У целебного озера: [курорт «Муялды»] / А. Байгожина // Звезда Прииртышья. – 1983. - 26 ноября. - С. 4

2.Вервекин А. «Мойылды» - для всех: [о санатории Мойылды] / А. Вервекин // Звезда Прииртышья. – 2007. - 24 ноября. - С. 8

3.Гольдберг М. Здравствуй, доктор Мойылды!: [история и современная жизнь здравницы Мойылды] / М. Гольдберг // Казахстанская правда. – 2013. – 4 октября. - С. 25

4.Горбунов С. Едут из Европы на лечение: [соленые озера в Павлодарской области обладают уникальными исцеляющими свойствами] / С. Горбунов // Казахстанская правда. – 2012. – 20 апреля. - С. 19

5.Григорьева О. Целебная грязь Мойылды: [история курорта] / О. Григорьева // Звезда Прииртышья. – 2008. – 3 апреля. - С. 6

6.Кенжали Р. Розовые рассветы над малиновым озером: [о санатории «Мойылды»] / Р. Кенжали // Деловой Мир. – 2002. - № 23. - С. 84 - 85

7.Курорту-65 лет: [курорт «Муялды»] // Звезда Прииртышья. – 1987. - 4 января. - С. 3

8.Мелехова Л. Светлана Шамышева: «Мойылды живет и будет жить» / Л. Мелехова // Звезда Прииртышья. – 1998. - 4 июня. - С. 5

9.«Муялды»: 58-й сезон: [о курорте «Муялды»] // Звезда Прииртышья. – 1980. - 14 марта. - С. 4

10.Николаев К. Первое в республике: [в санатории «Муялды» открыто подростковое отделение] / К. Николаев // Звезда Прииртышья. – 1983. - 6 августа. - С. 4

11.Попов Н. Оазис здоровья, или о том, как по хозяйски распорядиться уникальным курортом в Павлодаре / Н. Попов // Советы Казахстана. – 1992. -8 апреля. - С. 2

12.Семибратова И. Живая вода Мойылды: [о санатории «Мойылды» в Павлодарской области] / И. Семибратова // Деловой Мир. – 2012. – № 3. - С. 75

13.Серикбаев В. Болатон рядом, а не за бугром!: [о лечении и отдыхе в санатории Мойылды в Павлодарской области] / В. Серикбаев // Астана плюс. – 2012. – № 2. - С. 212 – 213

14.Стешенко М. Курорт в степи: [о старейшем курорте республики «Муялды»] / М. Стешенко // Звезда Прииртышья. – 1978. - 11 июля. - С. 4

15.Ступак В. «Муялды» накануне перемен / В. Ступак // Звезда Прииртышья. – 1982. - 11 декабря. - С. 4

16.Уралова А. Бизнесу в помощь: [санаторий Мойылды] / А. Уралова // Звезда Прииртышья. – 2016. - 28 июля. - С. 4

17.Фирсов М. До свидания «Муялды»: [о курорте] / М. Фирсов // Звезда Прииртышья. – 1970. - 2 октября. – С.

18.Фирсов М. «Муялды»: юбилейный сезон / М. Фирсов // Звезда Прииртышья. – 1972. - 25 мая. – С.

  • Фото 1

    Фото 1

  • Фото 2

    Фото 2

  • Фото 3

    Фото 3

  • Фото 4

    Фото 4

  • Фото 5

    Фото 5

  • Фото 6

    Фото 6

  • Фото 7

    Фото 7

  • Фото 8

    Фото 8

  • Фото 9

    Фото 9

  • Фото 10

    Фото 10

  • Фото 11

    Фото 11

  • Фото 12

    Фото 12

  • Фото 13

    Фото 13

  • Фото 14

    Фото 14

  • Фото 15

    Фото 15

  • Фото 16

    Фото 16

  • Фото 17

    Фото 17

  • Фото 18

    Фото 18

  • Фото 19

    Фото 19

  • Фото 20

    Фото 20

  • Фото 21

    Фото 21

  • Фото 22

    Фото 22

  • Фото 23

    Фото 23

  • Фото 24

    Фото 24

  • Фото 25

    Фото 25

  • Фото 26

    Фото 26

  • Фото 27

    Фото 27

  • Фото 28

    Фото 28

  • Фото 29

    Фото 29

  • Балтабай Шайхин главный врач курорта 1987 г.jpg

    Балтабай Шайхин главный врач курорта 1987 г.jpg

  • Курорт во время Великой Отечественной войны 1941-45 гг.jpg

    Курорт во время Великой Отечественной войны 1941-45 гг.jpg

  • Курорт Муялды 1 й павильон 1933.jpg

    Курорт Муялды 1 й павильон 1933.jpg

  • Поэт Калижан Бекхожин на курорте 1949.jpg

    Поэт Калижан Бекхожин на курорте 1949.jpg

  • Светлана Шамышева главный врач санатория 1995-2000 гг.jpg

    Светлана Шамышева главный врач санатория 1995-2000 гг.jpg

  • Служащие и рабочие курорта Муялды 1925.jpg

    Служащие и рабочие курорта Муялды 1925.jpg

  • Фуат Сатыбаев с 2003 Генеральный директор санатория Мойылды.jpg

    Фуат Сатыбаев с 2003 Генеральный директор санатория Мойылды.jpg


-->