Photo by Brooke Cagle
Павлодар облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрас орталығы жеке мекеме ретінде 1989 жылғы 25 тамызда облыс денсаулық сақтау бөлімінің №486 бұйрығымен ұйымдастырылды. Басында Облыстық ЖИТС орталығы Фрунзе көшесі, 89 орналасты, кейін – Хромзаводта, қазіргі кезде Ак.Бектұров к-сі, 50 мекенжайы бойынша орналасады. Облыстық ЖИТС орталығының алғашқы басшысы 1989 жылдан бастап – 2002 жылға дейін жоғары санатты дәрігер Фёдор Фёдорович Фесенко болды. 2002-2007 жж. - медицина ғылымдарының докторы Сағит Баймұханұлы Иманғазинов басқарды. 2008 жылғы сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ЖИТС орталығын жоғары санатты дәрігер Айтқазы Нұрғазыұлы Жапарбеков басқарады. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бүгінде ҚР «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік даму бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады. ЖИТС-пен күресуде үндеуді жеңіп шығу – осы міндетті жиырма бес жылдың шамасында Облыстық ЖИТС орталығының мықты ұжымы атқарып келеді. Қазіргі таңда Екібастүз және Ақсу қалаларындағы бөлімшелері, емдеу-алдын алу, эпидемиологиялық, ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімдері, зертхана қызмет етуде. Жылдар бойы Павлодар облыстық ЖИТС орталығы АИТВ жұқпасын алдын алу және емдеу жолында мол тәжірибе жинақтады. Павлодар облысында АИТВ жұқпасының алғашқы жағдайы 1996 жылы тіркелді, ол инъекциялық есірткінің тұтынушысы болды. Бірақ дәрігерлер жағдайды қолға алды, соңғы он жылдың ішінде АИТВ жұқпасының аурушандық көрсеткіштері тұрақтанды. Бұның себебі жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы, қаланың және облыстық емдеу-алдын алу мекемелерде (ЕАМ) психоәлеуметтік кеңес берудің (ПӘК) 28 кабинеті, 18 анонимді тесттен (АТ) өту кабинеті қызмет етеді. ЖИТС қызметі тік берілу жолының (анаға балаға) алдын алу бағдарламасын енгізді. ҚР-да бірінші болып АИТВ жұқтырған әйелдерді босандыру кезінде міндетті гемостатикалық кесарево тілігі енгізілді. АИТВ/ЖИТС инфекциясы бар адамдар үшін антиретровирустық терапия (АРВТ) жүргізіледі – пилоттық жоба. Жүкті әйелдерді тіркеу үшін электрондық бақылау базасы енгізілді. Сондай-ақ туберкулезден, пневмоцистік, саңырауқұлақшалық ауруларды және герпес жуқпасынан алдын алу емдеу енгізілді. Қазақстан Республикасында алғаш рет жергілікті бюджет қаржыландырған кезде есірткі тұтынушылар арасында АҚТҚ-ның берілуінің алдын алу жөніндегі сенім пункттері ашылды, наркологтың, психиатрдың, психотерапевтің, терапевтің, токсикологтың, фтизиатрдың, психологтың, дерматовенерологтың арнаулы мамандарының кеңес берулерімен шприцтер, презервативтер, ақпараттық материалдар тарату тегін, жасырын негізде ұйымдастырылды. 2000 жыл Павлодар қаласында шолғыншы эпидемиологиялық қадағалаудың алғашқы кезеңін енгізудің жылы, ИЕТ арасында таратушылық деңгейі зерттелді, кейін АИТВ-жұқпасына злектрондық бақылау жүргізу, АИТВ/ЖИТС жағдайларын анықтау бойынша халықты тексеру мониторингі енгізілді. Павлодар облысы – опиоидты алмастыратын терапия бойынша пилоттық жобасының қатысушысы. ЖИТС ОО-ның мамандары - ЮНЭЙДС, ЮСАИД, СДС, ЮНИСЕЙФ, PS1, Сорос Қоры–Казахстан ұйымдарымен өткізілетін халықаралық конференцияларының белсенді қатысушылары. Касіби біліктілігін арттыру үшін ЖИТС орталығының мамандары АҚШ, Түркия, Польша, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Хорватия және Румыния елдеріне барып тұрады.
Жеңіл атлетика жарысы. (12.08.2012 ж.)
Екінші ғимарат. Хром зауыты. (1997-1999 жж.)
Бас дәрігер Ф.Ф.Фесенко, жоғары санатты дәрігер, (1989-2002 жж.)
А.Н.Жапарбеков, 2008 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін бас дәрігер
С.Б.Иманғазинов, медицина ғылымдарының докторы, бас дәрігер, (2002-2007 жж.)
ЖИТС ОО ИФТ зертханасы
Бірінші ғимарат. Фрунзе көшесі, 89. (1989-1997 жж.)
АИТВ және ЖЖБИ алдын алу бойынша Достық кабинетінің жұмысы
АРВТ міндеттілігі туралы емдеу бөлімінің жұмысы
Есірткі тұтынушылар арасындағы сенім пунктінің жұмысы
Үшінші ғимарат. Ак.Бектұров көшесі, 50. (1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін)