Photo by Brooke Cagle
Ленин көшесі, 137 бойынша орналасқан Облыстық балалар ауруханасы 1966 жылдың желтоқсанда құрылды. Бастапқыда қуаттылығы 70 соматикалық бейіндегі төсек болды. Сонда тыныс алу жолдарының жіті және созылмалы аурулары, бүйрек, жүрек аурулары, қан мен жүйке жүйесінің аурулары бар балалар емдеуден өткен. 200 төсекті хирургиялық бейіндегі, соның ішінде жан сақтау бөлімшесінің 6 төсектің ашылуына байланысты 1975 жылы аурухананың төсек қуаттылығы 270 төсекке артты. Хирургиялық корпус Ленин 141 көш. бойындағы ғимаратта орналасқан. Облыстық балалар ауруханасының бірінші бас дәрігері Исаханов М.И. болды. 1968 ж. бастап 1997 ж. бойынша Облыстық балалар ауруханасын бас дәрігер Креминский В.А. басқарды. 1989 жылы Облыстық балалар ауруханасы Павлодар қ., 2-ші Южная 51 көш. мекенжайы бойынша орналасқан аурухананың жаңа ғимаратына көшеді. 1998 ж. бастап 1999 ж. бойынша Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Бочковский Ф.Л. болды. 1999 ж. желтоқсанында Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері болып Күзеков А.М. тағайындалды және осы лауазымда 2009 ж. дейін жұмыс істеді. 01.01.2000 ж. бастап, оңтайландыруға байланысты, аурухананың 300 төсегі жұмыс істеді. 01.01.2003 жылдан бастап, 5 гинекологиялық төсектің ашылуына байланысты, аурухананың төсек қуаттылығы 305 төсекке дейін артылды, 01.01.2004 жылдан бастап, неврологиялық бөлімшенің төсегі 45-тен 60-қа дейін кеңейтілуіне байланысты, аурухананың 320 төсегі жұмыс істеді. 1984 ж. бастап 2010 ж. ақпаны бойынша Облыстық балалар ауруханасында бас дәрігердің орынбасары Оңғарбаева Ш.Б. болды, ол 2010 ж. бастап аурухананың бас дәрігері болып, оны 2013 жылдың маусымына дейін басқарды. 2013 жылғы маусымнан бастап Облыстық балалар ауруханысының бас дәрігері етіп Күзеков А.М. қайта тағайындалды. Қазіргі таңда аурухананың төсек қуаттылығы 300 төсекті құрайды, содан басқа, 6 жан сақтау төсегі стационаралмасымды медициналық көмектің 20 төсегі, балалар амбулаторлық хирургия орталығының 20 төсегі. Аурухананың құрамында келесі мамандандырылған бөлімшелер бар: Аурухана Павлодар облысының балаларына мамандандырылған амбулаторлық-емханалық (кеңестік-диагностикалық), мамандандырылған және жоғары мамандандырылған стационарлық көмек, соның ішінде қалпына келтіру емі мен стационаралмасымды көмек көрсетеді. Үлкен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жүргізеді, Павлодар облысының қалалары мен аудандарына шығып, балалармен жоспарлы және шұғыл кеңестер жүргізеді, Семей медициналық университетінің дәрігерлерді жетілдіру факультетінің, Семей қ. ММУ ПФ педиатрия курсының және Павлодар медициналық колледжінің клиникалық базасы болып табылады. Толықтай тексерілу мен емделу стационардың параклиникалық қызметінің жұмысымен қамтамасыз етіледі: жарақат пункты; клиникалық-биохимиялық зертхана; бактериологиялық зертхана; рентгенологиялық кабинет; эндоскопиялық зерттеу кабинеті; ультрадыбысты зерттеу кабинеті; функционалдық диагностика кабинеті; физиотерапиялық бөлімше; орталық зарасыздандыру бөлімшесі.
Франц Леонидович Бочковский (1998-1999 жж.)
О.П.Васильева, дәрігер-реаниматолог
Р.Д.Қосынтаева, дәрігер-педиатр
В.А. Креминский, (1968-1998 жж.)
Ардақ Мубәрәкұлы Күзеков (1999-2010, 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін)
Т.М. Мұтұшев, оталарингологиялық бөлімшесінің меңгерушісі (1979-2009 жж.)
Ш.Б. Оңғарбаева (2010-2013 жж.)
З.М. Орехова, физиобөлімшесінің меңгерушісі (1975-2012 жж.)
Г.Н. Сербиненко, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі (1961-1994 жж.)
Фото 1
Фото 2
Фото 3
Фото 4
фото 5
Фото 6
Фото 7
Фото 8
Фото 9