Photo by Brooke Cagle

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ


Павлодар өңірінде жұқпалы аурулар қызметі туралы алғаш рет өткен ғасырдың 20-шы жылдары айтылған.

1939 жылы балалар жұқпалы аурулар төсек-орындары қалалық балалар ауруханасының базасында ашылды:

1939 ж. – 30 төсек-орын, 1940-1944 жж. – З5 төсек-орын, 1 дәрігерлік мөлшерлеме.

01.01.1945 жылдан бастап Павлодар қаласында алғаш рет бір бөлімшесі бар ересектер мен балаларға арналған 65 төсектік жұқпалы аурулар ауруханасы ұйымдастырылды.

Яковлевна Дмитриева Антонина біздің ауруханада лаборант болып жұмыс істеді (1949 жылдан 1976 жылға дейін, 1991 жылға дейін зейнеткерлікте бола тұра, жұмысын жалғастырды). ҰОС ардагері, ҰОС кезінде жауынгерлердің өмірін сақтап қалғаны үшін Флоренс Найтингейл медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасында бұл медальмен тек 3 адам ғана марапатталды.

1953 жылғы 1 қаңтардан бастап Павлодар қаласында жұқпалы аурулар ауруханасы Фрунзе көшесі №131 үйде 4 бейімделген ағаш үйде орналасқан. Барлығы 5 бөлімше болды: дизентериялық, қызамық аурулары, іш сүзек, дифтериялық, гепатиттік.

Осы түрде аурухана 1974 жылға дейін жұмыс істеді. 1974 жылы аурухана ірі ауруханаларда (1 ҚА, ОКА, 2 ҚА) ашылған бірнеше бөлімдерге бөлінді.

1994 жылы инфекциялық қызмет қайта ұйымдастырылды. Барлық балалар жұқпалы аурулар бөлімшелері жабылды. Балалар қалалық ауруханасы Балалар жұқпалы аурулар ауруханасы статусына ие болды.

1998 жылы ОКБ – дағы ересектерге арналған жұқпалы аурулар төсектері балалармен біріктіріліп, балалар жұқпалы аурулар ауруханасы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мәртебесін, 2005 жылдың қаңтарынан бастап Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мәртебесін алды. 2013 жылдың маусымынан бастап аурухана КМҚК «ПОИВ» мәртебесіне ие.

Қазіргі кезде Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы – бул 240 төсек-орынға есептелген, қала мен облыстың жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды алдын алу, диагностикалау және емдеуге арналған арнайы медициналық мекеме. Жыл сайын ауруханада 10 000 астам науқас емделеді, оның ішінде 75% жуығы – балалар.

Қазіргі кезде жартығысырлық тарихы бар ауруханада 330 қызметкер жұмыс істейді. Аурухана дәрігерлері өзінің негізгі жұмысымен қатар ғылыми жұмысқа да қатысады. 2007 жылы «ОЖАА дәрігерлерінің ғылыми жұмыстар жинағы» баспадан шықты, мұнда 41 жұмыс кірді. 2003 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін және облыстың 65-жылдығына орай аурухана жетістіктері Павлодар облысы әкімінің құрмет грамотасымен белгіленді.



Бөлісу

  • 1956 жыл

    1956 жыл

  • 1976 жылы

    1976 жылы "Коммунистік еңбек екпіндісі" атағы берілді.

  • 1978 жыл

    1978 жыл

  • Күнсұлу Сұңғатқызы Арғынова-жоғары санатты инфекционист, жоғары санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, запастағы аға лейтенант.

    Күнсұлу Сұңғатқызы Арғынова-жоғары санатты инфекционист, жоғары санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, запастағы аға лейтенант.

  • Софья Идрисовна Батькаева-жұқпалы аурулар ауруханасының бірінші бас дәрігері, 1984 жылы зейнетке шықты.

    Софья Идрисовна Батькаева-жұқпалы аурулар ауруханасының бірінші бас дәрігері, 1984 жылы зейнетке шықты.

  • Бас дәрігер  Антонина Яковлевна Дмитриева

    Бас дәрігер Антонина Яковлевна Дмитриева

  • УДЗ кабинеті

    УДЗ кабинеті

  • Зертхана

    Зертхана

  • Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

    Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

  • Ұрпақтар сабақтастығы. Бас дәрігерлер Б.Д.Оразғалиев, О.В.Степанцова және К.С.Арғынова

    Ұрпақтар сабақтастығы. Бас дәрігерлер Б.Д.Оразғалиев, О.В.Степанцова және К.С.Арғынова

  • Қабылдау бөлімі 2

    Қабылдау бөлімі 2

  • Қабылдау бөлімі

    Қабылдау бөлімі


-->