Photo by Brooke Cagle

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


ҚР тұрғындарының өлім-жітімінің және мүгедектенудің себебінде бертін уақытта қан айналу аурулары бірінші орында тұруы Республикада кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытуы бойынша тиімді шараларды қолдануға қажеттілік шарттайды, соған байланысты ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашада ҚР ДСМ «Павлодар қаласындағы өңірлік кардиохирургиялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» №1467 Қаулысы шықты. Орталық 50 төсек-орынға есептелген, оның 15 жүректің туа біткен ақаулары бөлімшесіне, оның ішінде 11 кардиохирургиялық және 4 оңалтуға.

Орталық жұмысын ресми түрде 2013 жылғы 08.01 бастады.

Өңірлік кардиохирургия орталығы республикадағы жетекші мамандандырылған кардиохирургия орталықтарының бірі болып табылады. Орталық замануи кардиохирургияның және интервенциялық кардиологияның барлық бағыттарын бірлестіреді және балалар мен ересектерге көмек көрсетеді. Бізде диагностика мен емдеудің ең замануи әдістерін жане озық технологияларын қолдануымен жүрек қақпақшаларының туа біткен және жүре пайда болған ақауларына пластикалық ота жасау арқылы түзету, жасанды қақпақшалардың имплантациясы, маммарокоронарлық және қолқакоронарлық ұштастыру тәсілімен миокардтың толық реваскуляризациясы жүргізіледі. Біздің Орталық халықаралық стандарттың барлық талаптарына сәйкес келетін замануи бірегей диагностикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Біздің облыста бірінші рет 0 ден 18 жасқа дейінгі балаларға жүрекке оталар жасалды.

Науқастардың палаталары орталықтандырылған бақылаумен және жайлы жағдайлармен қамтитын замануи құралдармен жасақталған. VIP-палата бар.

Орталықта әрдайым шеберлік сабақтары өткізіледі. Шеберлік сабақтарды өткізудің мақсаты – кардиологиялық орталықта жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету барысында тәжірибелік, әдістемелік көмек керсету, кардиолог және кардиохирург дәрігерлердің біліктілігін арттыру. 

Орталық жұмыс бастағанынан бері Астана қаласындағы Ұлттық Ғылыми кардиологиялық Орталықтың мамандарымен 3 шеберлік сабақтарын өткізді. Шеберлік сабақ шеңберінде 20 науқасқа ота жасалды, оның ішінде 1,3 жас пен 18 жас аралыгындагы 13 бала. Оның ішінде отаны 9 балаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас кардиохирургі, медицина ғылымдарының докторы, ҰҒКО директоры, халықаралық деңгейдегі кардиохирург Юрий Владимирович Пя жасады.

Бір шеберлік сабақты Литваның атақты кардиохирургі, профессор Римантас Бенетис өткізді. Кардиохирургиямен қонақ жиырма бес жылдан аса айналысады, соңғы бес жылын Қазақстан кардиохирургиясының дамуына арнаған. Оның қатысуымен Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе қалаларында мамандандырылған бөлімшелер ашылған. Павлодарда профессор маманның замануи технологияларын білуді және үлкен тәжірибе талап ететін екі күрделі ота жасады.

Орталықтың жұмыс жоспарында – журектің курделі жетпеушілігі бар науқастарга журектің сол жақ қарыншасының (VAD) қанайналымына қосымша қондырғы имплантациялау бойынша ота жасау.



Бөлісу

  • А.А.Дюржанов, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары

    А.А.Дюржанов, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары

  • Кардиохирургия-0001

    Кардиохирургия-0001

  • Кардиохирургия-0002

    Кардиохирургия-0002

  • Кардиохирургия-0003

    Кардиохирургия-0003

  • Кардиохирургия-0005

    Кардиохирургия-0005

  • Кардиохирургия-0006

    Кардиохирургия-0006

  • Кардиохирургия-0007

    Кардиохирургия-0007

  • Кардиохирургия-0008

    Кардиохирургия-0008

  • Кардиохирургия-0009

    Кардиохирургия-0009

  • Зертхана

    Зертхана

  • О.С.Мұқашев, директор

    О.С.Мұқашев, директор

  • Юрий Пямен бірге

    Юрий Пямен бірге

  • Еңбек күндері-0001

    Еңбек күндері-0001

  • Еңбек күндері-0002

    Еңбек күндері-0002

  • Еңбек күндері-0003

    Еңбек күндері-0003

  • Еңбек күндері-0004

    Еңбек күндері-0004

  • Еңбек күндері-0005

    Еңбек күндері-0005

  • Еңбек күндері-0006

    Еңбек күндері-0006

  • Еңбек күндері-0007

    Еңбек күндері-0007

  • Еңбек күндері-0008

    Еңбек күндері-0008


-->