Photo by Brooke Cagle

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІ


1948 жылы облыста онкологиялық қызметтің бастамасы салынды: 4 медқызметкер ғана жұмыс істейтін онкопункт ашылды, олар: дәрігер, медбибі, патронаждық медбибі және санитар. Онкопунктті дәрігер-гинеколог О.Е.Кизнер басқарды. Бірінші жылдың ішінде 55 онкологиялық науқас есепке алынды. Жеке жабдықталған кабинет болмады, зерттеулер қалалық және облыстық ауруханаларда жүргізілді, патогистологиялық зерттеу материалдары Алматы қаласына жіберілетін.  Арнайы ем алу үшін барлық науқастар ҚазОжРҒЗИ жіберілді. Тек жедел оперативтік кірісті қажет ететіндер ғана Павлодар қаласында ем алды. 1950 жылы онкопункт облыстың 13 ауданына қызмет жасай бастайды. Патоморфологиялық зертхана ұйымдастырылды. Алгашқы есепке алынғандардың саны 336 адамды қүрады.

Павлодар облыстық орындаушылық комитетінің шешімімен және 1951 жылғы 14 шілдедегі КСРО Министрлер Одағының №2977 Қаулысына сәйкес облыстық онкологиялық диспансер құрылады. Бас дәрігер болып Лидия Алексеевна Васютинская тағайындалады. Одан кейінгі жылдар бұл облыстық онкологиялық диспансердің қалыптасу жылдары. Павлодарлықтарға мына ғимараттар жақсы таныс: Ленин 151, Фрунзе 89, 29 қараша 2 көшесі. Әр жылдары бұл мекенжайларда онкологиялық диспансерлер орналасқан болатын.

1954 жылдан бастап 1979 жылға дейін облыстың барлық аудандарында дәрігер онкологтар жүмыс істей бастайды.

Қазіргі таңда диспансердің қүрылымында 5 бөлімше бар: диспансерлік, жалпы онкологиялық, торакалдық, химиотерапиялық, радиологиялық. Клиникалық-диагностикалық, орталықтандырылған цитологиялық, патоморфологиялық зертхана қызмет етеді. Сәулелік диагностика бөлімшесінде, УДЗ кабинетінде, эндоскопиялық бөлімшеде диагностикалық зерттеудің барлық спектрі жүргізіледі.

Хирургиялық, дәрілік, сәулелік, құрамдастырылған және кешендік емдеу тәсілдері кеңінен қолданылады. Жыл сайын 5000 науқас стационар жағдайында, күндізгі стационар жағдайында да емдеудің арнайы түрін алады. Диспансерде жыл сайын 1200-ден аса операция жасалынады. Есепке алынған 70%-ға жуық онкологиялық науқас сәулелік және химиотерапиялық ем қабылдайды. Емханада жыл сайын 30000-нан аса адамға қызмет көрсетіледі.

1975 жылы ұйымдастырылған торокалды хирургия бөлімшесінде жыл сайын 1000-ға жуық науқас ем алады, оның ішінде онкопатологиясы бар науқастар ғана емес, сонымен қатар өкпенің өзіне тән емес созылмалы ауруы бар, өңеш күйігі бар науқастар да емделеді.

Орталықтандырылған цитологиялық зертхана 1975 жылы облыстық онкологиялық диспансер базасында ұйымдастырылды. Жыл сайын 100000-нан аса цитологиялық зерттеу жүргізіледі.

Рентгендиагностикалық кабинет қызметкерлері көмекей, көкірек, өкпе, бүйрек, сүйек және буын томографиясы сияқты қиын әдістерді меңгерген. Жылына 7000 зерттеу жүргізіледі. 2011 жылы Республикалық бюджет қаржысы есебінен 16-кескінділік Рһilips Brilliance CT» компьютерлік томографы алынды.

2013 жылы жалпы мемлекеттік рейтингті статистикалық саралаудың қорытындысы бойынша ШЖҚ ПООД» КМК Қазақстан Республикасы бойынша Өтімділік керсеткіші» және Актив және міндет керсеткіштері» номинацияларында 1 орынға ие болды.



Бөлісу

  • В.Н. Аладов, 1986 жылдан бастап диспансерлік бөлімшенің меңгерушісі

    В.Н. Аладов, 1986 жылдан бастап диспансерлік бөлімшенің меңгерушісі

  • М.М. Ахунджанов, бас дәрігердің орынбасары, (1987-2006 жж.)

    М.М. Ахунджанов, бас дәрігердің орынбасары, (1987-2006 жж.)

  • И.В. Богомазова, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары

    И.В. Богомазова, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары

  • 2012 жылы онкологиялық диспансерге ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекова келді

    2012 жылы онкологиялық диспансерге ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекова келді

  • 29 Қараша көшесі, 2 мекенжайындағы диспансер ғимараты

    29 Қараша көшесі, 2 мекенжайындағы диспансер ғимараты

  • Ленин көшесі, 151 мекенжайындағы диспансер ғимараты

    Ленин көшесі, 151 мекенжайындағы диспансер ғимараты

  • Ленин көшесі, 153 мекенжайындағы онкологиялық диспансердің ғимараты

    Ленин көшесі, 153 мекенжайындағы онкологиялық диспансердің ғимараты

  • Ш.Ж.Ибраимова, 1983 жылдан бастап бас медбике

    Ш.Ж.Ибраимова, 1983 жылдан бастап бас медбике

  • Жалпы онкология бөлімшесінің ұжымы, (1999 ж.)

    Жалпы онкология бөлімшесінің ұжымы, (1999 ж.)

  • Жан сақтау және анестезиология бөлімшесінің ұжымы

    Жан сақтау және анестезиология бөлімшесінің ұжымы

  • Радиологиялық бөлім ұжымы, (2012 ж.)

    Радиологиялық бөлім ұжымы, (2012 ж.)

  • Торакалды хирургия бөлімшесінің ұжымы, (2012 ж.)

    Торакалды хирургия бөлімшесінің ұжымы, (2012 ж.)

  • Р.Ш.Кутуев, бас дәрігер, (1962-1985 жж.)

    Р.Ш.Кутуев, бас дәрігер, (1962-1985 жж.)

  • С.Т. Макашев,  эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі

    С.Т. Макашев, эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі

  • Е.П. Новаковская, азық-түлік қоймасының меңгерушісі, (1974-2008 жж.)

    Е.П. Новаковская, азық-түлік қоймасының меңгерушісі, (1974-2008 жж.)

  • Р.В. Нұрғатина, 1985 жылдан бастап дәрігер-хирург

    Р.В. Нұрғатина, 1985 жылдан бастап дәрігер-хирург

  • Н.В. Столбова, сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі

    Н.В. Столбова, сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі

  • М.К.Сулейменов, директор

    М.К.Сулейменов, директор

  • Ж.А.Сүлейменова, УДЗ бөлімшесінің меңгерушісі

    Ж.А.Сүлейменова, УДЗ бөлімшесінің меңгерушісі

  • С.А. Урумбаева, дәрігер-терапевт

    С.А. Урумбаева, дәрігер-терапевт


-->