Photo by Brooke Cagle
Алғашқы дербес стоматологиялық емхана 1960 жылы Павлодар қаласында ашылды. Бұл емхана ашылғанға дейін облыс тұрғындарына стоматологиялық көмек негізінен тіс дәрігерлері жұмыс істейтін көпбейінді емханалар жанындағы стоматологиялық бөлімшелер мен кабинеттерде көрсетілді. Стоматологиялық поликлиника екі ғимаратта орналасты: ВЛКСМ 40 лет көшесіндегі ағаш үйде дәрігердің 4 ставкасына, тіс техниктерінің 6 ставкасына арналған зертханасы бар тіс протездеу бөлімшесі орналасты. 5 стоматологиялық креслоға арналған терапиялық бөлімше және 1 орындық хирургиялық кабинеті Крупская көшесіндегі 5 қабатты үйдің 4 бөлмелі пәтерінде орналасты. 1961 жылы бас дәрігер болып Токарева Екатерина Савельевна тағайындалды. 1973 жылы стоматологиялық емханаға 1 Мамыр көшесі, 18 мекен-жайы бойынша 15 стоматологиялық орынға арналған типтік ғимарат берілді. Облыстық стоматологиялық емхана 1979 жылы ашылды және Свердлов көшесі, 49 бойынша №1 көпсалалы емхананың 4-қабатында орналасты, емхананың қуаттылығы ауысымына 100 келушіге арналған, дәрігерлік ставкалардың саны – 15,0. Бас дәрігер Янус Николай Антонович. 1982 жылдан бастап емхананың бас дәрігері болып Алматы мемлекеттік институтының 1969 жылғы түлегі Куантай Кульчараевич Уткелбаев жұмыс істейді,. 1985 жылы ол облыстық денсаулық сақтау бөлімінің штаттан тыс бас стоматологы болып тағайындалды және 2000 жылға дейін осы лауазымда болды. 1984 жылы емханаға Кутузов көшесі бойынша 44 жаңа типтік ғимарат беріледі, емхананың қуаттылығы ауысымына 250 келушіге дейін, ал дәрігерлік мөлшерлеме саны 40,0-ға дейін артады. Материалдық-техникалық база жақсаруда, емханада жас мамандар жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарына стоматологиялық көмек көрсету үшін емханада екі жылжымалы стоматологиялық қондырғы бөлінеді. 1997 жылы жекешелендіруге байланысты облыстық стоматологиялық емхана таратылды. Жаңа заңды тұлға – «Облыстық стоматологиялық емхана» медициналық мекемесі құрылады. 1973 жылы Павлодар қаласының бірінші стоматологиялық емханасында 7 дәрігерлік мөлшерлемемен балалар бөлімшесі ұйымдастырылады, бөлімше меңгерушісі болып Елена Афанасьевна Кожухарь тағайындалады. 1974 ж. Балалар бөлімінің менгерушісі болып Тамара Васильевна Юфатова тағайындалды. 1978 жылы балалар бөлімшесінен 12 дәрігерлік мөлшерлемеге дербес балалар стоматологиялық емханасы ұйымдастырылады. Емхананы орналастыру үшін Камзин көшесі, 5 бойынша №5 көпсалалы емхананың 5-ші қабатының бөлігі бөлінді. Емхананың қуаттылығы ауысымына 50 келушіні құрады, дәрігерлік мөлшерлеме саны-12,0. Жоғары санатты дәрігер – Юфатова Т.В. бас дәрігер болып тағайындалды. 1982 ж. балалар тәс емханасының бас дәрігері болып Қарлығаш Ануаровна Рақышева тағайындалды. 1987 жылы балалар тіс емханасына Лермонтов көшесіндегі 100/2 үйдін тоғыз қабатты ғимараттың бірінші қабатында ораналасады. 1994 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін балалар стоматологиялық емханасы бір ауысымда 150 келушіге арналған 3 қабатты типтік ғимаратта орналасқан және дәрігерлік ставкалардың саны - 36,75. 1999 жылы «Балалар стоматологиялық емханасы» КҚМК болып өзгертілді. «Балалар стоматологиялық емханасы» КҚМК 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стоматологиялық емдеу-алдын алу көмегін көрсететін облыстағы жалғыз стоматологиялық бейіннің мемлекеттік құрылымы болып табылады, консультациялық-диагностикалық орталық болып табылады, стоматологиялық науқастарды диспансерлеуді, балалар арасында стоматологиялық аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізеді. 2008 ж. «Балалар стоматологиялық емхана» ҚКМК 1995 ж. Алматы медициналық мемлекеттік институтының түлегі Ерлан Қуанышулы Шәріпов бас дәрігер болып тағайындалды. Е.Қ. Шәріпов Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас стоматологы болып табылады. 2011 жылы «Балалар стоматологиялық емханасы» КМҚК «Павлодар облыстық стоматологиялық емханасы» КМҚК болып қайта аталды.
Президенттің сапары
Дәрігер-стоматолог Р.А. Карыбаева, (2002 ж.)
Дәрігер-стамотолог О.П. Грабовская
Медицина қызметкерлерінің күні, (2012 ж.)
Павлодар облысының стоматологиялық клиникаларының директорлары, (2002 ж.)
"Павлодар облыстық стоматологиялық емханасы" КМҚК
Стоматология ұжымы, (1979 ж.)
Стоматология ұжымы, (1994 ж.)
Стоматология ұжымы, (1999 ж.)
Бас дәрігердің орынбасары Ж.К. Есимованың тіркеу орнының жұмысын бақылауы
Қабылдауда
"Өз мамандығының үздігі" республикалық байқауының жеңімпазы, дәрігер-стматолог Ж.В. Токина
Балалар стоматологиялық емханасы базасында дәрігерлердің біліктілігін арттыру, (2006 ж.)
Оңтүстік Кореядағы шартқа қол қою. Е.К. Шәріпов
Қарлығаш Әнуарқызы Рақышева (1985-2008 жж.)
Терапиялық қабылдаудағы стоматологиялық кабинет, (2004 ж.)
Қуантай Көлғараұлы Өткелбаев (1982-1985 жж.)
Майра көшесі, 47-дегі стоматология филиалы
Ерлан Қуанышбайұлы Шәріпов, (2008 ж.)