Photo by Brooke Cagle

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЕРІ-ВЕНЕРОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІ


Павлодар облыстық тері-венерологиялық диспансері Павлодар қаласының өсуі мен экономикалық дамуымен бірге қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті.

1913 жылы Павлодар қаласында қалалық амбулатория ашылды. 1913-1931 жылдар аралағында дерматовенерологиялық науқастар қалалық амбулатория кабинеттерінде емделді.

1931 жылғы қаңтар айында эпидемиологиялық аурухана жанында венерологиялық диспансер кабинет түрлерінде ұйымдастырылады.

1934 жылы венерологиялық диспансерге Ленин көшесі, 130 үй мекенжайы бойынша штаты 10 адамнан тұратын амбулатория мен 10 стационарлық орынға арналған жеке ғимарат бөлінген.

Ал 1938 жылы Павлодар облысының құрылуына байланысты қалалық диспансер 15 төсек орынға облыстық мәртебесіне иеленді, Павлодар облысы мен қала тұрғындарына көмек көрсете бастады.

1939-1946 ж.ж. мұрағаттық құжаттар сақталынбаған.

1947 жылы венерологиялық диспансер Ленин көшесі, 130 үй мекенжайы бойынша орналасқан болатын. Ғимараттың 1 қабатында 5 кабинеттен тұратын амбулаториясы мен 2 қабатта 40 төсек ооынға арналған стационары болатын. Штаттық кестесінде: дәрігерлер – 4,5 мш., соның ішінде зертханашы дәрігер 0,5 мш., орта буын медицина қызметкерлері 13 мш., кіші буын медицина қызметкерлері 14 мш., басқа – 10 мш., барлығы – 41,5 мш.

Облыстық дерматовенерология қызметінің ұйыдастырылуына келесі «Денсаулық сақтау ісінің үздіктері», бас дәрігер – М.Н. Теренина (1956-1973 ж.ж.) және бас дәрігер – Б.А. Қазыбаев (1973-1994 ж.ж.) және м.ғ.к. В.Р. Айтқұлова зор үлестерін қосты.

1972 жылы ОТВД Ленин 130 көшесінен Циолковский көшесіне (емхана, венерологиялық стационар, бактериологиялық зертханасы мен клиникалық зертханасының бір бөлігі) көшкеннен кейін, онда келесі дәрігерлер қызмет атқарды: В.В. Зимина, А.А. Шихова, Р.Ф. Дубоссарская, А.И. Брэндуш, Г.И. Змеева, Г.В. Горланова, М.Т. Каирканова, Л.С. Панкратова, А.М. Шумкина, Р.Ф. Кривоносова, А.Г. Мозговой, В.В. Шаповалова, Л.Р. Сабатковский, К.У. Кабенов, З.А. Айтымова, С.В. Бротсман, Б.А. Кабенова, С.В. Тимошенко.

Сонымен қатар институтты тәмамдағаннан кейін Л.А. Цымбал, Г.Г. Торпищева, Р.Р. Шаймарданова, М.Г. Адиева, М.К. Каримова қызмет атқарған.

Сонымен бірге диспансер дамуына келесі орта буын медицина қызметкерлері: К.А. Вавилова, В.Г. Яковенко, Г.В. Глоба, Р.К. Нугманова, М.М. Садвакасова, К.К. Абдрашева, А.А. Тюкина, Л.Д. Амелина, Т.Н. Хорева, В.Д. Куропаткина, Г.Б. Нурбасарова, Т.М. Реброва, А.С. Кабанцева, З.А. Ахметова, Р.И. Махметова, С.Т. Алькеева, Л.И. Котикова, Г. Ващенко зор үлестерін қосты.

Дерматологиялық бөлімше мен сарысу зертханасы 1980 жылға дейін Ленин көшесі, 130 үй мекенжайы бойынша орналасқан болатын, кейін Камзин көшесі, 158 үй мекенжайына көшті.

Диспансер қызметінің негізгі бағыты алдын алу жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Жыл сайын ОТВД қызметкерлері халықты аса жұқпалы тері ауруларына тексеріс өткізіп, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

2000 жылдың қыркүйек айында ОТВД барлық қызметімен бірге Кутузов көшесі, 200 үй мекенжайындағы ғимараттарға көшеді.

Бүгінгі таңда дерматологиялық диспансер ұйымдастырушы, үйлестіруші, әдістемелік, кеңес беру, емдеу орталығы, сонымен қатар медициналық кадрларды дайындау базасы болып табылады.

Диспансер ұжымында 135 адам, соның ішінде 30 дәрігер және 42 мейіргер, 46 кіші буын медицина қызметкерлері мен 35 әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері қызмет атқарады.

Облыстық тері-венерология диспансері құрылымында: емханалық (диспансерлік) бөлімшесі, 40 кереуетке арналған тәулік бойы жататын стационар және 30 кереуетке арналған күндізгі стационар, 3 зертхана: сарысу, бактериологиялық және клинико-диагностикалық зертханалары бар.

Диспансер құрылымында жедел эпидемиологиялық топ, жасырын түрде қабылдау және емдеу кабинеті, физио кабинет және проблемалық теріні емдеу кабинеттері жұмыс істейді.

Облыстық тері-венерология диспансері облыс тұрғандарына мамандандырылған медициналық қызмет көрсету үшін қажет құралдармен жабдықталған.



Бөлісу

  • ОТВД әкімшілік құрамы, (2012 ж.)

    ОТВД әкімшілік құрамы, (2012 ж.)

  • В.Р. Айтқұлова, ОТВД бас дәрігері (1994-2009 жж.)

    В.Р. Айтқұлова, ОТВД бас дәрігері (1994-2009 жж.)

  • Дәрігер-бактериолог А.Г.Мозговой

    Дәрігер-бактериолог А.Г.Мозговой

  • Б.А. Қазыбаев, ОТВД бас дәрігері (1973-1994 жж.)

    Б.А. Қазыбаев, ОТВД бас дәрігері (1973-1994 жж.)

  • Бас дәрігер Б.А. Қазыбаевтың басшылығымен облыстық тері-венерологиялық диспансерінің ұжымы (1973-1994 жж.).

    Бас дәрігер Б.А. Қазыбаевтың басшылығымен облыстық тері-венерологиялық диспансерінің ұжымы (1973-1994 жж.).

  • Бөлімше ұжымы (1979-1980 жж.)

    Бөлімше ұжымы (1979-1980 жж.)

  • Жедел топ басшысы шығу алдында

    Жедел топ басшысы шығу алдында

  • OТВД медбикелер кеңесі

    OТВД медбикелер кеңесі

  • М.Л. Теренина, ОТВД бас дәрігері (1956-19793 жж.)

    М.Л. Теренина, ОТВД бас дәрігері (1956-19793 жж.)

  • Қамзин көшесі, 158

    Қамзин көшесі, 158

  • Кутузов көшесі, 200

    Кутузов көшесі, 200

  • Ленин көшесі, 130

    Ленин көшесі, 130

  • Циолковский көшесі, 13

    Циолковский көшесі, 13

  • Циолковский көшесі, 17

    Циолковский көшесі, 17

  • Физиокабинет,

    Физиокабинет, "Биоптрон" аппараты

  • Физиокабинет, Вальдманның ультракүлгін кабинасы (2010 ж.)

    Физиокабинет, Вальдманның ультракүлгін кабинасы (2010 ж.)


-->