Photo by Brooke Cagle

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ДИСПАНСЕРІ


Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері Павлодар облысының өсуі мен экономикалық дамуымен қатар қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті. Туберкулезге қарсы қызметінің есебі 1933 жылы басталды.

Туберкулезге қарсы қызметтің қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер 50-ші жылдары болды. 1956 жылы облыстық туберкулезге қарсы 4 санатты диспансерді 3 санатты диспансерге қайта ұйымдастыруды қарастыру туралы шешім қабылданды. Шешімге Павлодар облысының аудандарында 1955-1957 жылдарға арналған Туберкулез ауруханалары мен бөлімшелерін ашу жоспары қоса берілді. Сол, 1956 жылы туберкулезбен ауыратын науқастарды хирургиялық емдеуді ұйымдастыру туралы мәселе қойылды.

1957 жылы облыстың тубдиспансері 3-ші санаттан 100 төсекке 1-ші санатқа ауыстырылды. Осы жылы Екібастұз қаласының балалар ауруханаларында және Майқайың кентінде туберкулезге қарсы диспансер, Павлодар қаласының балалар ауруханасында және бірнеше аудан орталықтарында туберкулезге қарсы кабинеттер ашылды.

Туберкулезге қарсы қызметін ұйымдастыруға «Денсаулық сақтау үздіктері» В.А. Акопян (1959-1970 жж.), А.К. Қадыров (1970-1984 жж.), И.Р Ахметжан (1984-2000 жж.) көп үлес қосқан.

1972 жылы жаңа диспансерді ашу (Қамзин көшесі, 275) Павлодар облысы туберкулезге қарсы қызметін дамытуға маңызды қадам болып табылды.

2010 жылы диспансер аумағында жаңа медициналық аппаратурамен жабдықталған терапиялық, рентген-диагностикалық және клиникалық диагностикалық бөлімшелер орналасқан 210 төсектік жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Сол жылы туберкулезбен қайтыс болған науқастарды ашуға арналған мәйітхана (патологоанатомиялық бөлімше) алғаш рет салынып, пайдалануға берілді, ол қазіргі заманғы жоғары сапалы жабдықтармен жабдықталған.

2012 жылдың шілдесінде «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» ММ «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК қайта қурылды.

Қазақстан Республикасының «Саламатты Қазақстан» денсаулықты сақтау Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2013 жылы облыста туберкулезге қарсы ұйымдардың төсек орын қорын жаңадан қайта құру іске асырылады. Сонымен қатар, облыс әкімдігінің Қаулысымен туберкулезге қарсы аудандық ауруханалар Ертіс, Қашыр, Ақтоғай, Лебяжі, Баянауыл, Успен, Шарбақты, Май, және Железин аудандарының ауданаралық туберкулезге қарсы белімшелерін облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне оларды қосумен қайта құрылды. Туберкулезге қарсы ұйымдардың төсек орын қорын қайта құру бойынша көрсетілген іс шаралар облыстағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Баянауыл ауданындағы туберкулезге қарсы аурухана 30 орынға арналған санаториялық үлгідегі бөлімшеге қайта бейінделген.

Қазіргі уақытта облыстық туберкулезге қарсы диспансер көп салалы емдеу кәсіпорны болып табылады. Облыстық туберкулезге қарсы диспансер 535 төсектік 10 стационарлық бөлімшеден және 175 орындық аудандық деңгейдегі 5 стационарлық бөлімшеден, күніне 240 келушіге арналған консультациялық диагностикалық емханадан тұрады және облыста туберкулезге қарсы іс-шараларды өткізу бойынша ірі емдеу-профилактикалық және ұйымдастыру-әдістемелік орталық болып табылады.

Статистикалық есептіліктің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында "туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған ұлттық тіркелім" компьютерлік бағдарламасы енгізілді, оның негізінде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг және бағалау жүргізіледі.

Статистикалық есептіліктің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған ұлттық тіркелім» компьютерлік бағдарламасы енгізілді, оның негізінде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг және бағалау жүргізіледі.



Бөлісу

  • Gene-Xpert MTBY RIF-бұл 2 сағат ішінде микобактериялардың болуын анықтайтын молекулалық-генетикалық әдіс

    Gene-Xpert MTBY RIF-бұл 2 сағат ішінде микобактериялардың болуын анықтайтын молекулалық-генетикалық әдіс

  • Бас дәрігер Бейбіт Түсүпұлы Бұлдыбаев (2006-2010 жж.)

    Бас дәрігер Бейбіт Түсүпұлы Бұлдыбаев (2006-2010 жж.)

  • Бас дәрігер Дәулетбек Серікұлы Мусин (2012 жылдан бастап)

    Бас дәрігер Дәулетбек Серікұлы Мусин (2012 жылдан бастап)

  • Бас дәрігер Әбдікәрім Қадырұлы Қадыров (1970-1984 жж.)

    Бас дәрігер Әбдікәрім Қадырұлы Қадыров (1970-1984 жж.)

  • Бас дәрігер Жұмагелді Тұрсынұлы Оспанов (2000-2003 жж.)

    Бас дәрігер Жұмагелді Тұрсынұлы Оспанов (2000-2003 жж.)

  • Бас дәрігер Идаят Рашитұлы Ахметжан (1984-2000 жж.)

    Бас дәрігер Идаят Рашитұлы Ахметжан (1984-2000 жж.)

  • Бас дәрігер Ізбасар Құмарұлы Мақымов (2003-2005 жж.)

    Бас дәрігер Ізбасар Құмарұлы Мақымов (2003-2005 жж.)

  • Александр Павлович Глазунов, бөлімше меңгерушісі-0002

    Александр Павлович Глазунов, бөлімше меңгерушісі-0002

  • Тамара Андреевна Глазунова, бөлім меңгерушісі-0002

    Тамара Андреевна Глазунова, бөлім меңгерушісі-0002

  • Балалар емханасы

    Балалар емханасы

  • Раушан Ғабдоллақызы Калина, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі

    Раушан Ғабдоллақызы Калина, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі

  • Жаңылсын Қойбаққызы Қартбаганбетова, бас дәрігердің аудит жөніндегі орынбасары-0002

    Жаңылсын Қойбаққызы Қартбаганбетова, бас дәрігердің аудит жөніндегі орынбасары-0002

  • Клиникалық конференция-бас дәрігердің орынбасары К.М.Қарабаева өткізуде.

    Клиникалық конференция-бас дәрігердің орынбасары К.М.Қарабаева өткізуде.

  • Тубдиспансердің КТК командасы (Кох таяқшасы)

    Тубдиспансердің КТК командасы (Кох таяқшасы)

  • Майгүл Маратқызы Құспекова, бөлім меңгерушісі-0001

    Майгүл Маратқызы Құспекова, бөлім меңгерушісі-0001

  • Күләш Мұқанқызы Қарабаева, дәрігер-фтизиатр, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары-0001

    Күләш Мұқанқызы Қарабаева, дәрігер-фтизиатр, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары-0001

  • Фтизиатр-дәрігерлердің жаңа буыны

    Фтизиатр-дәрігерлердің жаңа буыны

  • Шұғыл араласу-өкпенің бір бөлігін алып тастау

    Шұғыл араласу-өкпенің бір бөлігін алып тастау

  • Негізгі корпус

    Негізгі корпус

  • Тубдиспансердің алғашқы ғимараты, (1954 ж.)

    Тубдиспансердің алғашқы ғимараты, (1954 ж.)

  • Облыстық тубдиспансерде Наурыз мейрамы

    Облыстық тубдиспансерде Наурыз мейрамы

  • Лариса Андреевна Саверская, эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі бас дәрігердің орынбасары-0002

    Лариса Андреевна Саверская, эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі бас дәрігердің орынбасары-0002

  • Тубдиспансердің спорттық командасы

    Тубдиспансердің спорттық командасы

  • Бөлімшенің аға медбикелері

    Бөлімшенің аға медбикелері

  • Әлия Кинатайқызы Темірбаева, балалар емханасының меңгерушісі-0002

    Әлия Кинатайқызы Темірбаева, балалар емханасының меңгерушісі-0002


-->