Photo by Brooke Cagle
Облыстық мұрағат материалдары бойынша Ертістің Павлодар өңіріндегі қан қызметін дамыту 1934 жылдан бастап, қан құю пункті ашылғаннан бастап, кейіннен қан құю бөлімшесі болып қайта ұйымдастырылған облыстық ауруханада есептеу жүргізеді. Соғыс жылдарында қан құю бөлімшесі тек азаматтық тұрғындарды ғана емес, Павлодар қаласында орналасқан №2448 жараланған тыл госпиталін де донорлық қанмен қамтамасыз етеді. Гемотрансфузияларда жаңа алынған донорлық қан пайдаланылды, жылына 1000 литрге дейін дайындалды. 1964 жылы қан құю бөлімшесі дербес медициналық ұйым – Облыстық қан құю станциясы – ОҚҚС болып қайта құрылды, оны 30 жыл бойы дәрігер Галина Ивановна Ицкович басқарды. «Қан құю бөлімшелері желісін одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы» 1969 ж.08.02-нен КСРО М3 №82 бұйрығына сәйкес облыста №1 қалалық ауруханада, Екібастұз және Ақсу қалаларының ауруханаларында, бірқатар аудан орталықтарында қан құю бөлімшелері ашылды. Құрғақ плазма, криопреципитат, жаңа мұздатылған, антигемофильді, стафилакокқа қарсы, гемоагглютинациялаушы сарысулар өндірісі және т.б. сияқты компоненттерді өңдеу мен алудың кейбір технологиялары енгізілді. Қан қызметі дамуының бұл кезеңі Н.С. Харитонова, Н.К. Никитина, Т.В. Оборовская, Л.А. Никонова, Г.А. Тугумбаева Г.А. Айткенова және т.б. қызметкерлердің есімдерімен байланысты. 1992 жылға дейін облыстық қан орталығы бейімделген ғимараттарда орналасты, 1993 жылы үлгілік Облыстық қан орталығының құрылысы аяқталды. 1990-2001 жылдар аралығында Облыстық қан құю станциясын жоғары санатты травматолог-дәрігер Н.К. Садвакасов басқарды. 90-шы жылдардың соңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №436 бұйрығымен қан құю станциялары қан орталықтары болып өзгертілді. 2002 жылдан бастап Облыстық қан орталығын Қобыланды Көшкембайұлы Оспанов басқарды, мамандығы бойынша – хирург, трансфузиолог, жоғары санаттағы денсаулық cақтау саласының ұйымдастырушысы, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысушы. Облыстық қан орталығына басшылық ету кезеңінде донорлық қан компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи технологиялар енгізілді: вирустазарту, карантиндеу, лейкофильтрация, СОӨ-ні шокты қатыру, ПТР диагностикасы, эритроциттерді криоконсервілеу және т.б. енгізілді. 2011 ж. бастап Облыстық қан орталығын Мүслім Тлектесұлы Солтанов басқаруда. 2013 жылы облыстың қан қызметін қайта ұйымдастыру аяқталды, қазіргі уақытта донорлық қанды дайындауды бір ұйым қамтамасыз етеді: Облыстық қан орталығы. Облыста 7,5 тоннаға дейін донорлық қан дайындалады, емдеу ұйымдарына 80%-ға дейін қосымша вирустық қауіпсіз технологиялармен қамтамасыз етілген қан компоненттері беріледі. Облыс бойынша 7,5 тонна шамасында донорлық қан дайындатылады, емдеу мекемелеріне қан компоненттері 80 % дейін қосымша вирусқа қарсы технологиялармен қамтамасыз етуде. Облыстық қан орталығында өмір бойы осы салада еңбек еткен жоғары санаттағы білікті мамандар қызмет етеді. Олар: А.А. Ахмерова, Г.А. Святова, З.С. Искакова, Т.В. Мулявко, С.Б. Сыздыкова, Ю.А. Ткаченко, М.Г. Сатабаева, М.А. Утегенова, А.Б. Смаилова, Б.К. Тусупбекова (Екібастұз қаласы). Орта деңгейде медицина қызметкерлері: Л.А. Никонова, А.В. Евдокимова, С.В. Төлеубаева, Н.В. Ганага, Г.Т. Айткенова, А.Ж. Оспанова, Г.А. Баймуханова, Т.В. Сакун, Н.Д. Пестрецова, О.Г. Шарова, Л.П. Власова және де басқалары. Облыста гемокомпонентті терапия қағидаты енгізілді, тексерілмеген донорлық қанның гемотрансфузия жағдайлары, реципиенттерді гемотрансмиссивті инфекциялармен жұқтыру жағдайлары жоқ. Облыстың медициналық ұйымдарының қан компоненттеріне қажеттілігінің қамтамасыз етілуі 100%. Облыста қан қызметін дамыту «Павлодар облысының денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау бағдарламасының» құрамдас бөлігі болып табылады.
Қан қызметінің трансфузиология дәрігерлері
Бас дәрігер Галина Ивановна Ицкович (1964-1990 жж.)
Бас дәрігер Қобыланды Көшкімбайұлы Оспанов (2002-2011 жж.)
Бас дәрігер Нұрбек Қабыкенұлы Сәдуақасов (1990-2001 жж.)
Бас дәрігер Мүслім Тілектесұлы Солтанов (2011 жылдан бастап)
HCS2 аппараттық әдісімен қан алу
Донорлық қанды ПТР аппаратында зерттеу
"Павлодар облыстық қан орталығы" КМҚК, Естай көшесі, 79
Денсаулық сақтау министрі А.Г. Дерновой, ОҚО директоры Қ.Қ. Оспанов
Skanlis жабдығында қан тобын және резус факторын анықтау
Денсаулық сақтау министрінің және Павлодар облысы әкімінің келуі
Терапевтте донорды қабылдау
Облыстық аурухана жанындағы қан құю пункті, Абай көшесі, 115. (1934 ж.)
Қан құю станциясы. ген.Дүйсенов көшесі (1965-1970 жж.)
Қан құю станциясы, Қамзин көшесі, 8 (1970-1993 жж.)