Photo by Brooke Cagle
Павлодар облыстық ауруханасы Г.Сұлтанова Павлодар облысының тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек, жоғары мамандандырылған медициналық көмек және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін көп бейінді емдеу кәсіпорны болып табылады. Аурухана 310 төсек орынды 10 клиникалық бөлімшеден (кардиологиялық, неврологиялық, офтальмологиялық, гематологиялық, урологиялық, терапевтік, травматологиялық, хирургиялық, гинекологиялық, отоларингологиялық), консультациялық-диагностикалық емханадан, шұғыл және жоспарлы консультациялық көмек көрсету бөлімшесінен, сервис және шаруашылық қызмет көрсету бөлімшесінен тұрады. Облыстық аурухананың қызметкерлер саны 592 құрайды, оның ішінде 102 дәрігер, орта және кіші буын медициналық қызметкерлер – 386. Білікітілік санатына 80% дәрігер және 75% орта буын медициналық қызметкерлері ие. Үш дерігер – медицина ғылымдарының кандидаты. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» лизингтік жүйе бағдарламасына белсенді қатысады. Бүгінгі таңда лизинг бағдарламасы бойынша 174802 мың теңгеге 6 түрлі жабдық алынды және 2014 жылы жалпы сомасы 78288,199 мың теңгеге тағы 5 түрлі жабдық сатып алу жоспарланған. 2010 жылдан бастап ауруханада жоғары мамандандырылған медициналық көмек белсенді түрде енуде: травматология бойынша – жамбас, тізе буындарына тоталды эндопротез жасау, 2013 жыл аралығында 195 ЖММК ота жасалынды; гинекология бойынша – лапароскопиялық гистерэктомия, лапароскопиялық промонтофиксациялары; хирургия бойынша – ішкі дренаж және ұйқыбез жылауығының марсупилизациясы; урология бойынша – ДГПЖ отасының биополярлы трансуретралды резекциясы; отоларингология бойынша – көмейге микрохирургиялық оталарс жасалуда. Бүгінгі күні оперативті емдеудің кішіинвазиялық әдістері алдынғы қатарда. Әрі карай емдеуде кішіинвазиялық эндоскопиялық әдістерін қолданысқа енгізіп және ұлғайтылуы стационарда жатып ем қабылдау күндері мен медициналық бұйымдар және дәрі-дәрмектер шығысын қысқартуына мумкінідік береді. 2014 жылы ауруханада жасалатьін жалпы оталар саның 70%-ға дейін, гинекологиялық бөлімшесінің оталар саның 80%-га дейін жеткізілуі жоспарланған. Стационаралмастыру көмек көрсету көлемі ұлғаюда. Алдында кейбір операциялар тәулікбойы жұмыс жасайтын стационарларда жасалатын болса, бугінгі күні, 2012 жылғы 4 маусымда ашылган амбулаториялық хирургия және гинекология орталығында мумкіндік туды. 2005 жылдан бастап облыстық ауруханада Пренаталды диагностика орталығы ойдағыдай жұмыс атқаруда. Пренаталды диагностика орталығының ұжымы отбасы мен жүкті әйелдерге медициналық-генетикалық консультация береді. Ұрықтың дамуының түрлі ауытқуларын алдын алу мақсатымен биохимиялық скрининг (аналық) жасалады. «Саламатты Қазақстан» республикалық бағдарламасын және ауыл халқына медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде 2011 жылғы наурызда Камаз автомобилінің базасында жылжымалы медициналық кешен алынды. 2013 жылы жылжымалы медициналық кешен облыстың 151 шалғай елді мекендеріне 30 шығуды орындады. 18153 адам қаралды. 2009 жылдың қаңтар айынан бастап ауруханада Санитарлық авиация бөлімшесі жанында телемедицина орталығы жұмыс істейді. Облыстың алты ауданымен: Май, Шарбақты, Баянауыл Лебяжі, Ертіс, Железин аудандарымен, сондай-ақ республиканың жетекші клиникаларымен консультациялар мен бейнеконференция байланыс сеанстары жүзеге асырылуда.. Барлық телемедицина сеанстары, негізінен, науқастарды, ультрадыбыстық зерттеулерді, рентгенологиялық суреттерді, электрокардиограммаларды көрсетумен нақты уақыт режімінде өткізілді.
Баянауыл ауданынан ұшар алдындағы санитариялық авиация тікұшағы
Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының бас дәрігері С.В.Сыздықов, облыстық мәслихаттың депутаты, Павлодар қаласының Құрметті азаматы
Гематологиялық бөлімшенің меңгерушісі Ж.Б.Сейсенбекова Шарбақты ауданынан келген науқасқа телемедицина жүйесі бойынша кеңес беруде
Лор бөлімшесінің меңгерушісі Н.Х.Мейірханов демеушілік көмекпен алынған LЕIКО өндірісінің заманауи ота жасау микроскопын қолдана отырып, естуді жақсарту отасын жүргізуде
Урология бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, облыстың штаттан тыс бас урологы Н.М.Садыков алдағы қуық асты безінің трансуретралдық резекциясына жасалатын отаға құралдарды дайындауда
Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі А.Т.Мұсабеков бас дәрігер С.В.Сыздыковты лизингтік бағдарлама бойынша сатып алынған эндоскопиялық жабдықпен таныстыруда
Офтальмологиялық орталық
Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы
ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекованің сервистік қызмет көрсету бөлімшесіне баруы, 2014 жылғы 20 наурыз
ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекованың амбулаториялық хирургия және гинекология орталығына баруы, 2014 жылғы 20 наурыз
Аурухана ұжымында Наурыз мейрамын мерекелеу
Дәрігер В.К. Кимнің Voluson E8 сарапшылық санаттағы аппаратта жүкті әйелдерге УДЗ-скринингін жүргізуі
Медицина колледжінің оқушылары Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың тарихымен танысуда
Лизинг шарттарында сатып алынған INFINIT ультрадыбыстық операциялық жүйесі
2012 жылындағы амбулаториялық хирургия және гинекология орталығы