Авербух Борис Менделеевич (16.05.1913, Украина, Винница обл. Райгород қ. 30.09.1997, Екібастұз қ.) дәрігер. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1959). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) медициналық институтын бітірген (1939). Еңбек жолын Хабаровск өлкесінде (1939-41) бастады. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысып, әскери дәрігер болды. 1949 жылдан Екібастұз қаласында қызмет істеді. 1957-1973 ж. Иртышуголь тресінде санитарлық бөлімнің бастығы, кейін қалалық аурухананың бас дәрігері болып тағайындалды. Екібастұз қаласының құрметті азаматы (1972). Ордендермен және медальдармен марапатталған.