Антонова Александра Даниловна (28.03.1910, Ресей, Краснодар өлкесі, Белоречинский бекеті 29.12.1976, Павлодар қ.) Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1961). Ростов медициналық институтын бітірген (1936). 1936-1938 жж. Павлодар қаласындағы балалар ауруханасының, 1938-1942 ж. қалалық балалар мен әйелдерге кеңес беру орт-ның меңгерушісі, 1948-1965 ж. балалар ауруханасының дәрігері, 1965-1967 жж. физиотерапевт болып жұмыс істеген. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған (1955). Ленин орденімен (1960), КСРО медальдарымен марапатталған және Денсаулық сақтаудың үздігі белгісінің иегері.