Аппасова Мугульсим Бараккызы.jpg

Аппасова Мүгілсім Бараққызы


Аппасова Мүгілсім Бараққызы (01.01.1932 ж.т., Баянауыл ауд. Қызық шілік ауылы), дәрігер, Қазақ КСР, КСРО Денсаулық сақтау саласының үзідігі. Алматы Қазақ мемлекеттік медициналық институтын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. Еңбек жолын 1956 ж. Шарбақты ауданында дәрігер болып бастаған. 1958-1974 ж. Краснокутск (қазіргі Ақтоғай) аудының Новотроицк кеңшарында телімдік аурухананың меңгерушісі, бас дәрігері, 1976-1986 ж. Павлодар облысы Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамының төрайымы болып істеген. 1986 ж. зейнеткерлік демалысқа шықты. Содан кейін 1986-1996 ж. облыстық ауруханада дәрігер-терапевт болып қызметін жалғастырады. Екібастұздағы №160 сайлау округі бойынша КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болған. Құрмет белгісі орденімен және Одақтық дәрежедегі Пирогов атындағы медальмен, 3-дәрежелі Ана даңқы орденімен марапатталған.


Бөлісу