Ваккер Вернер Готлибович.jpg

Ваккер Вернер Готлибович


Ваккер Вернер Готлибович 1920 жылы Қырым облысында туған. Саратов медицина институтын аяқтаған соң, Қазақстанға жұмысқа келген. Еңбек жолын 1943 жылы Павлодар туберкулез ауруларына қарсы диспансерде бастады. 1956 жылы Павлодар облыстық ауруханасының терапевтік бөліміне меңгеруші болып тағайындалып, 1981 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін сонда қызмет етті. 1982 жылы дүниеден өтті. Ваккер білгір маман болды. Ол табандылығымен, парасаттылығымен ерекшеленетін. Диагностика жасаудың қиын сәттерінде терапевтердің ішінен тек қана оны операция бөлмесіне хирургтер шақыратынын оқушылары осы күнге дейін еске алады. Аурухананың қоғамдық өміріне белсене қатысатын. Жастардың ұстазы болатын. Өмірде жан-жақты адам еді. Қазақ тілін жетік білетін. Денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісімен марапатталған.


Бөлісу