Зенченко Людмила Афанасьевна (23.12.1920 ж.т., Шарбақты ауд. Богословка с.) дәрігер-фтизиатор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1964). Қазақ мемлекеттік медициналық институтын (1944, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. 19441945 жж. Лебяжье (қазіргі Аққулы) аудандық Зори Октября ұжымшарының дәрігерлік бөлімше меңгерушісі, 19451982 жж. туберкулез ауруханасында участкелік дәрігер-фтизиатр, терапевтік және диспансерлік бөлімдерің меңгерушісі, бас дәрігер, 1982-1985 жж. туберкулез ауруханасы жанында дәрігер-эксперт болды. Құрмет белгісі орденімен және медальдармен марапатталған.