Камшук Надежда Сидоровна (16.3.1926, Ресей, Алтай өлкесі, Белоглазово с.), Қазақ ҚСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1970). Томск мемлекеттік медицина институтын бітірген (1950). 1954-1956 ж. Успен аудандық СЭС-тің бас дәрігері және аудан денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, Успен ауданы Лозовский учаскелік ауруханасының бас дәрігері, 1956-1959 ж. Успен ауданы ауруханасында дәрігер-терапевті, рентгенологы, 1959-1961 ж. Алматы қалалық ауруханасында, 1961-1981 ж. Шарбақты аудандық ауруханасының терапия бөлімінің меңгерушісі. Денсаулық сақтау үздігі белгісімен және көптеген медальдармен марапатталған.