Коротков Анатолий Дмитриевич (1931-2002 ж.ж.) 1954 жылы Алматы медицина институтын аяқтағаннан кейін еңбек жолын облыстық аурухананың терапия бөлімінде ординатор болып бастап, бас дәрігердің емхана бөлімі жөніндегі орынбасары лауазымына дейін жалғастырды. 1965-1991 жылдары Павлодар қаласы 2-ауруханасының бас дәрігері қызметінде болды. Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Өзінің кәсіби қызметі барысында А.Д.Коротков кәсіби шеберлігі жоғары ұжым және Павлодар облысының ең үздік емдеу-профилактикалық мекемелерінің бірін құрды. Оның көптеген шәкірттері қазіргі уақытта бөлімшелерді немесе өңірдің медицина ұйымдарын басқарып, А.Д. Коротковтың ісін жалғастырып отыр.