Кутмин Никандр Васильевич.jpg

Кутмин Никандр Васильевич


Кутмин Никандр Васильевич, 1928 жылы туған. 1950 жылы Алматы медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Еңбек жолын Цюрупинск (Шарбақты) аудандық ауруханасының хирургі болып бастаған. 1954 жылы аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, ал 1957 жылы ауданның бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

Н.В.Кутмин бар күш-жігері мен білімін Шарбақты ауданында денсаулық сақтау ісін жақсартуға жұмсады. Бірнеше ауылдық учаскелік ауруханалар, зертханалар және аудандық ауруханада рентген кабинеті ашылды. Ол хирург мамандығынан қол үзбей, тәжірибеге емдеудің жаңа әдістері мен техникалық жағынан орындалуы күрделі операцияларды енгізді. 1963-1965 жылдары облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. 1965 жылдан бастап облыстық аурухананың торакальдық бөлімін басқарды. Ол басшылық еткен бөлім кеуде қуасындағы жүрек, өкпе және өңеш сияқты органдарға жасалатын бірқатар күрделі операцияларды игерді.


Бөлісу