Кутуев Рафаил Шегиазаматович.jpg

Кутуев Рафаил Шегиазаматович


Кутуев Рафаил Шегиазамович (1937-2005 жж.) Алматы медицина институтын 1961 жылы аяқтап, өзінің еңбек жолын Павлодар онкологиялық диспансерінде бастады, кейіннен хирург-дәрігер болып қызмет ете жүріп, облыс онкологиялық қызметін басқарды. Р. Кутуев Павлодар облысындағы радиологиялық қызметтің негізін салушы болып табылады. Оның бастамасы бойынша 1978 жылы онкологиялық диспансер базасында 30 орынға арналған республикадағы ең алғаш радиологиялық бөлімдердің бірі ашылды. Р. Кутуев үлкен ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жүргізді, ол перфокарта бойынша диспансеризация жасау әдісін тұңғыш рет енгізді, оның бастамасымен аудандық онкологиялық кабинеттер ашылып, әр ауданға тоқсан сайын барып тұратын куратор-онколог бекітілді.


Бөлісу