Ли Павел Евгеньевич, 1930 жылы туған. 1956 жылы Алматы институтын бітірген. 1961 жылы Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды.
Ли П.Е. облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясына 30 жыл бойы басшылық етіп, облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылуына және дамуына зор үлес қосты.
Оның басшылық етуімен және қатысуымен облыс санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нағайтылды, зертханалар қажетті құралдармен қамтамасыз етілді, аймақтық бөлімшелер шұғыл жұмыс жасауға қажетті автокөлікпен жабдықталды. Санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың штаттары санитар дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері санымен толықтырылды.
Ли П.Е. Денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісімен, Құрмет белгісі орденімен марапатталған.