Лысенко Сергей Николаевич, 1921 жылы Чернигов облысы Савинки селосында туған. Қызыл Әскер қатарына шақырылып, 1939-1946 жылы әскери шайқастарға қатысты. 1951 жылы Львов медициналық институтын бітірді. 1951-1953 жылдары Успен ауданының бас терапевті болып қызмет жасады. 1955 жылы облыстық ауруханада іріңді аурулар бөлімінің меңгерушісі болды, ал 1963 жылдары урологиялық бөлімді басқарды. Жауынгерлік ордендер мен медальдар, еңбек наградалары, ҚазКСР дербес зейнеткері бар.
Лысенко С.П. Павлодар облысы урологиялық қызметінің негізін қалаушысы болып табылады, ол несеп-жыныс жүйесінің іріңді үдерістерінен бастап қуыққа, бүйрекке және несепағарға пластикалық операцияларға дейін урологиялық оперативті араласулардың барлық түрлерін жүргізген урологтардың жоғары кәсіби ұжымын құрды.