Михельсон Иннокентий Владимирович, 1898 жылы 8 желтоқсанда Краснояр өлкесінің Кубеково ауылында дүниеге келген. Оның әкесі пароходтың капитаны болған, анасы үй шаруасындағы әйел. Ол сол кездегі отбасы тұратын Томск қаласында Бірінші ерлер гимназиясында оқыды. 1918 жылы мектепті аяқтап, бірден Томск мемлекеттік университетінің медицина факультетіне оқуға түседі. Содан кейін университеттен медициналық институт бөлініп шықты, оны И.В. Михельсон 1924 жылы бітірді. Осы жылдардың бірінде ол эвакуациялық госпитальда санитар болып жұмыс істеді (іш сүзегі эпидемиясы болды).
1924 жылы институтты бітірген соң Павлодар қаласына, амбулаторияға жұмысқа кірді, онда науқастарға жалпы қабылдау жүргізді. 1927 жылы амбулатория емханаға айналды, И.В. Михельсонға балаларды қабылдап, емдеу сеніп тапсырылды. 1939 жылдың қыркүйегіне дейін балалар ауруханасында дәрігер болып жұмыс істеді. 1939 жылы ол қалалық денсаулық сақтау бөлімінің дәрігер мамандығы, ал 1940 жылы облыстық балалар ауруханасының меңгерушісі болып тағайындалды. 1941 жылдың шілдесінен бастап облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрігер маманы болды және осы қызметте 1949 жылдың қазанына дейін жұмыс істеді. 1943 жылы медицина маманы болып жұмыс істей жүріп, оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері атағы берілді. 1949 жылдан санитарлық авиацияның бастығы болып жұмыс істеді, сол жерден 1960 жылы зейнеткерлікке шықты. Ол республикалық маңызы бар жеке зейнеткер болды.