Оразғалиев Болат Дүйсенбекұлы (25.06.1947 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Черный ключ селосында дүниеге келді) дәрігер-емдеуші, заңгер-құқықтанушы, медицина ғылымдарының кандидаты (1977). Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін (1971), Мәскеудегі жетілдірілген дәрігерлер орталық институтының аспирантурасын (1976), Қазақ мемлекеттік заң академиясының заң факультетін (2001) бітірген. 19711979 жж. әскери дәрігер, Орта Азия әскери округі №02109 әскери бөлімінің энтомология лаборатоиясының басшысы, 19771985 жж. дәрігер-инфекционист, Павлодар облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, бөлім меңгерушісі, 19851998 жж. облстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің басшысы, 19982002 жж. Павлодар қалалық инфекциялық ауруханасының бас дәрігері, 2002 ж. Павлодар облысы әкімдігі аппараты жетекшісінің орынбасары, әлеумметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.
Монография, 15 ғылыми мақалалардың авторы