Сеитов Асылбек Жуманович.jpg

Сейітов Асылбек Жұманұлы


Сейітов Асылбек Жұманұлы (1894, Омбы қ. 8.12.1937, Алматы қ.) публицист, облыста денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы, Алаш қозғалысының қайраткері.

Ақмола генерал-губернатор кеңсесі аудармашысының отбасында дүниеге келген. Омбы қаласындағы ерлер гимназиясын (1911), Томск мемлекеттік университетінің медицина факультетін бітірген (1916). 19161917 жж. Омбы қаласында санитарлық дәрігер, 19171922 жж. Баянауыл кентіндегі ауруханада дәрігер, 19171919 жж. Алашорданың белсенді қызметкері. 1 Бүкілқазақ съезінің хатшысы (Орынбор қ., 2128 шілде, 1917), Алаш партиясының Ақмола облысы көмитетінің мүшесі болды. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы депутаттығына кандидат болып сайланды. Қазақ тіліндегі бірнеше мерзімді басылымдардың корреспонденті. I-ші Кеңес құрылтай съезінің қатысушысы (Орынбор, 412 қараша, 1920). 19221937 жж. Семей губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Денсаулық сақтау Халық Комиссариаты жоспарлау бөлімінің басшысы, сондай-ақ Алматы қаласы Ленин (Жетісу) аудандық емханасында бас дәрігер қызметтерін атқарған (1937). 01.12.1937 ж. жазықсыз жазаланып, 20.06.1957 ж. ақталған.


Бөлісу