Сейітқазинов Кенжетай Сейітқазыұлы, 1962 жылы Семей мемлекеттік институтын аяқтап, Баянауыл аудандық ауруханасына жолдама алған. Сонда 1965 жылдың қаңтарына дейін дәрігер-хирург болып еңбек етті. 1965 жылдан бастап 1974 жылдың ақпан айына дейін Успен аудандық ауруханасында бас дәрігер болып істеді. 1975 жылы бaс дәрігердің емхана бөлімі бойынша орынбасары және хирургі болып қызмет жасады.
1962 жылдан облыс денсаулық сақтау жүйесінде еңбек еткен кезінде өзін іскер ұйымдастырушы ретінде танытты. Успен аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметінде жүріп, оның белсенді қатысуымен емхана, терапевтикалық бөлім, Успенка селосында туберкулез ауруханасы, Қазақ ССР-інің 30 жылдығы колхозында аурухана салынды. Табысты еңбегі үшін Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін медалімен, В.И. Лениннің 100 жылдығына орай және Адал еңбегі үшін мерекелік медалімен, ССРО денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісімен наградталған.