Сербиненко Геннадий Николаевич, 1937 жылы туған.
1960 жылы Одесса медицина институтын бітірген.
1961-1975 жылдары қалалық балалар ауруханасында дәрігер-хирург болып жұмыс жасады. 1975-1994 жылдары облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімін басқарды. 1994-2001 жылдары облыстық балалар ауруханасында дәрігер-ординатор болып еңбек етті. 2001 жылдан құрметті демалыста. 1976 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісімен марапатталған.
Сербиненко Геннадий Николаевич Павлодар облысында балалар хирургиясының негізін қалаушы, ол құрған ұжым оның дәстүрін жалғастыруда.