Сұлтанова Роза Әбдірахманқызы (1930 ж., Павлодар қ.). Жоғары санаттағы дәрігер. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері. Абай атындағы орта мектепті күміс медальмен (1948) және Алматы медицина институтын (1951) бітірген. 19511961 ж. қалалық емханада терапевт болып жұмыс істеген. 19611981 ж. Павлодар қаласының кардиология қызметін басқарды. Бірнеше грамоталармен және медальдармен марапатталған. Республикалық маңызы бар дербес зейнеткер.