Тентекпаев Мұса Мақарұлы (1938 ж.т.), 1975 жылдан бастап Екібастұз қаласы Орталық қалалық ауруханасының бас дәрігері. 1963 ж. Семей медицина институтын бітірген. Екібастұзға келгенге дейін Целиноград облысы Қорғалжын ауданының бас дәрігері болып жұмыс істеді. 19701975 ж. қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 19751976 ж. қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері. 1976 жылдан бастап Екібастұз медициналық бірлестігін басқарды, оған қала мен ауданның барлық емдеу-профилактикалық мекемелері кірді. Еңбек Қызыл Ту орденімен, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісімен марапатталған. Қалалық, халық депуттары кеңестерінің бірнеше мәрте депутаты, Қазақстан КП қалалық комитетінің мүшесі болып сайланған.