Nophoto.jpg

Усманова Гаиля Камулитденовна


Усманова Гаиля Камулитденовна (15.3.1927 ж.т., Павлодар облысы Павлодар ауданының Чернорецк ауылы) Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері (1964), Қазақ КСР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1957). Баянауыл ауданының Құрметті азаматы (1998). Молотов атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін бітірген (1951). 19511954 ж. Цюрупин аудандық ауруханасында терапевт дәрігер. 19541955 ж. Павлодар облыстық емханалық бөлімнің телімдік дәрігері, 19551957 ж. Баянауыл аудандық ауруханасының бас дәрігері. 19821992 ж. Баянауыл аудандық орталық ауруханасының терапевт дәрігері болып жұмыс істеген. Еңбек Қызыл Ту орденімен және "Үздік еңбегі үшін"медалімен марапатталған.


Бөлісу