Феллер Владимир Андреевич.jpg

Феллер Владимир Андреевич


Феллер Владимир Андреевич 1929 жылы Саратов облысы Балашово қаласында туған.

1956 жылы Рязань медицина институтын аяқтап, Владимир облысы Петушин аудандық ауруханасында учаскелік дәрігер болған.

1966 жылдан Павлодар қаласы 2-ауруханасының дәрігері.

1970 жылдан Павлодар қаласы облыстық ауруханасының кардиология бөлімінде дәрігер, 1973 жылдан бастап кардиология бөлімінің меңгерушісі, сонымен қатар облыс денсаулық сақтау бөлімінің штаттан тыс кардиологы, кардиологтардың республикалық қоғамы басқармасының мүшесі.

В.А. Феллер облыста кардиологиялық қызметті ұйымдастырды: 1-ші қалалық аурухананың, жедел медициналық көмек ауруханасының, облыстық аурухананың кардиологиялық бөлімдерін ашып, Павлодар қаласында кардиологиялық кабинеттердің жұмыс істеуіне атсалысты.

Оның бастамасымен облыстық ауруханада гипербарикалық оксигенация бөлімшелері ұйымдастырылды.

В.А. Феллер Павлодар облысының Денсаулық сақтау саласы үшін кардиолог-дәрігерлерді дайындау бойынша үлкен жұмыс атқарды. ҚазКСР еңбек сіңірген дәрігері болды.


Бөлісу