Фрезе Яков Яковлевич (1916-1993 жж.) Донецк облысының Лесовка селосында туған.
Медициналық институтты аяқап, 1940 жылы әскерге шықырылған. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен 1941 жылғы қараша айына дейін майданғы әскердің полк дәрігері қызметінде болды. Үш рет жараланған. 1942 жылы Халықтық қорғаныс комиссариатының бұйрығымен әскери қызметтен босатылды. Павлодар қаласына келген соң, Май аудандық ауруханасына бас дәрігер және хирург болып тағайындалған. Мәскеу қаласында маманданудан өткеннен кейін 1955 жылы Павлодар қаласына ауысып, облыстық ауруханада 25 орындық алғашқы лор бөлімін ашты. Осы кезден бастап Павлодар отоларингологтарының мектебі қалыптасты. 1966-1975 жылдары 2-ші қалалық аурухананың 80 орындық лор бөлімін, ал 1975 жылы облыстық балалар ауруханасының 40 орындық лор бөлімін басқарды.
Ұзақ жылдар бойы Я.Я. Фрезе өзі құрған Павлодар облысы отоларингологтарының қоғамына басшылық ете жүріп, Павлодар облыстық денсаулық сақтау бөлімінің штаттан тыс бас лор-дәрігері қызметін атқарды. ҚССР-інің еңбек сіңірген дәрігері.