Қадыров Әбділқәрім Қадырұлы 1932 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысының Екібастұз ауылында туған. 1956 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын санитарлық дәрігер мамандығы бойынша бітіріп, Куйбышев санитарлық-эпидемиологиялық станциясында бас дәрігер болған. 1970-1984 жылдары Павлодар облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері. 1966 жылы фтизиатрия саласына қосқан қомақты үлесі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.