Қайыпова Бижамал Қабдуәліқызы (1935 ж.т., Ресей, Новосибирск обл. №41 с.) Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1977), Қарағанды мемлекеттік институтын бітірген (1961). 19611994 жж. Ақсу ауданына қарасты Пограничник кеңшарының участкелік ауруханасында бас дәрігер, 1994-1997 ж. Дружба АҚда дәрігер болып қызметтер атқарған. Бірнеше медальдармен марапатталған. Ақсу қ-ның құрметті азаматы (1992).