Каирбеков Токен.jpg

Қайырбеков Төкен


Қайырбеков Төкен 1931 жылы Целиноград (қазіргі Ақмола) облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Әр жылдары Вишневск аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері, Целиноград облысы Қорғалжын аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, өлкелік денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, тың өлкесінің мемлекеттік бас санитарлық дәрігері қызметін атқарды.

1965 жылдың қарашасынан 1985 жылдың наурызы аралығында Павлодар облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, кейіннен денсаулық сақтау саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы.

Кеңес партия органдарына сайланған. Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен, ССРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақ ССР денсаулық сақтау ісінің үздігі белгілерімен, Қазақстан кәсіподақтарының федерациясы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген дәрігері белгілерімен марапатталған.

Павлодар қаласының құрметті азаматы.


Бөлісу