Үздембаев Қайыртас Жанұзақұлы 1930 жылғы 22 наурызда Цюрупин ауданы Бауыртал ауылында туған. Жаңа ауыл орта мектебін бітірген соң Қарағанды медицина институтына түсіп, оны 1956 жылы аяқтағаннан кейін Шалдай ауылдық учаскелік ауруханасына дәрігер-хирург болып жіберілді. 1968-1989 жылдары Шарбақты аудандық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет жасады. Оның кәсіби еңбегі Қажырлы еңбегі үшін медалімен, Денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісімен, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің Құрмет грамоталары және алғыстарымен аталған. Еңбек еткен жылдары Қ.Ж.Үздембаев Шарбақты аудандық ауруханасының кәсіби шеберлігі жоғары ұжымын құрды, өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартты.